Ашықхат

Құрметті Халықаралық Бизнес Университетінің оқытушылары мен студенттері!

Бүгін біздің университетке 25 жыл толған айтулы күн! Осы жылдар ішінде біз білім беру нарығында сапалы кадрлар дайындауда өзіміздің ең жақсы әдістерімізді ұсынып келеміз. Еліміздегі бизнес саласындағы мамандар дайындайтын ЖОО ретінде біздің университет тәжірибеге негізделген заманауи білім беру бағдарламаларымен жұмыс істеуде.

Бірінші кезекте, бұл игі қызметте – талантты да қабілетті студенттерге алдыңғы қатарлы педагогикалық шеберлік негізінде білім беру мен тәрбиелеуде – өз үлестерін қосып келе жатқан біздің оқытушылардың еңбегі екенін атап өткім келеді. Оқытушылар өз еңбегінің жемісі мен нәтижесін көп жылдар өткеннен кейін университеттің табысты түлектері арқылы көре алады.

Біздің түлектеріміздің көпшілігі өздерінің еңбек жолдарын жетістікпен бастап жалғастырып келеді, мен олардың өз университеттеріне алғысы шексіз екеніне сенімдімін. Олар да ХБУ-дің 25 жылдық мерекесіне қатысуға құлшыныс білдірері сөзсіз. Осыған байланысты университеттің 25 жылдық мерейтойына арналаған негізгі іс-шараларды 2018 жылдың сәуір айында өткізуді жоспарлап отырғанымызды айта кеткім келеді.

Біздің алдымызда жаңа заман талабы қойып отырған алдағы уақытта бірігіп табысты түрде қол жеткізетін көптеген игі істер тұр. Біздің бәсекелестіктегі артықшылығымыздың бірі еліміздің цифрлық экономикасы үшін (e-commerce, digital media) электронды коммерция, сандық медиа және т.б. жаңа буын ұрпақтарын дайындау болып табылады. Бұл бағыттардың маңыздылығы еңбек нарығымен анықталады.

Болашағымыз айқын – ол бізден жаңа күш пен жемісті жұмыс істеуді талап етеді.

Сіздерді мерейтоймен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыстар мен ең батыл идеяларыңызды жүзеге асыруда жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін!

Туған күніңмен, ХБУ!