IMG_9247

Университеттің білім беру бағдарламалары

 

2017 жылдың 21-ші желтоқсанында UIB-де «Экономика және ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері» атты Дөңгелек үстел өтті

Аталмыш дөңгелек үстел 2018-2019 оқу жылының жаңа білім беру бағдарламаларының ашылу құрметіне орай өткізілді:

«Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» және «Ақпараттандыру саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес» «Юриспруденция» мамандығы үшін.

UIB Президенті Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы «Қазіргі заманғы университет студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарын қалыптастыру» атты сөзімен дөңгелек үстелді ашты.

Білім беру бағдарламаларының маңызы мен мазмұны бойынша талқылау және ұсыныстар беру барысында белгілі заңгерлер, адвокаттар, прокуратура өкілдері, ғалымдар және қазақстандық ЖОО-дың педагогтары сөз сөйледі.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар:

Мекешов Нурбол Амангельдиевич, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментінің өкілі.

Валиев Молдагали Сагидоллаевич, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының өкілі.

Утебеков Джохар Нургазизович, Алматы адвокаттар алқасының адвокаты.

Ивашов Арслан Аманбаевич, ф.ғ.к., UIB университетінің Әлеуметтік-экономикалық кафедрасының меңгерушісі.

Саматова Гульнара Бахытовна, з.ғ.к., Каспий университетінің профессоры.

Калиева Гульмира Садуакасовна, з.ғ.к., UIB университетінің доценті.

Байсинова Динара Кабдысадыковна, Алматы қаласындағы «Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу департаментінің директорының орынбасары.

Жумагалиев Кайсар Айдарович,  Алматы адвокаттар алқасының адвокаты. Сугирбаев Ерболат Канатович, Түрксіб ауданы прокурорының аға көмекшісі.

Алимова Жания Хайруловна, з.ғ.к., доцент, Әділет полковнигі.

Ашыралиева Баян Советбековна, з.ғ.к., UIB университетінің доценті.

Кенжалиев Мади, Заң магистрі, UIB университетінің оқытушысы.

Мусапиров Азамат Даулетбекович, «Алматы заңгерлік тобы» ЖШС директорының міндетін атқарушы.

 

Дөңгелек үстелдің қорытындысың бірі «Алматы заңгерлік тобы» ЖШС директорының міндетін атқарушы А.Д. Мусапировпен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою болды.