2016 жылғы 20 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың халыққа есеп беру кездесуінің барысында «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өтті.

Сандық қосымшаны таныстыру кезінде Е. Ыдырысов атап өткендей, жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-ші «қадамды» жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.

Министрдің айтуынша, қосымша «құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған, сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі». Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.

Қосымша Windows, Apple, Android  жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы – 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым.

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Отандық дипломаттар қосымшаны шетелдік әріптестерімен кездесулер мен презентациялар барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарату алады. Шетелдіктерді әсіресе Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады.

Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

«Біздің қосымшамыз көпшіліктің назарына ілігіп, ол арқылы шетелдіктер мен қазақстандықтардың өздерінің достары мен таныстарын ұлан-байтақ елімізбен жақынырақ таныстыруларына қосымша мүмкіндік туындайтынына үміт артамыз. Осы Қосымшаны дамыту барысында біз сияқты, әркім Қазақстан туралы көптеген жаңа таңғалдырарлықтай мәліметтермен таныса алатынына сенімдімін» – деді Е. Ыдырысов.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы  жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына – Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

Тікелей сілтемелер:

AppStore – https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8

Play Market – https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan

Жеке компьютерде пайдалану үшін Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы (www.mfa.gov.kz) Windows-нұсқасын орнату мүмкіндігі бар.

Қосымша туралы мәлімет:

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын таныстыратын қысқаша бейнероликпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw.

Основное фото3

4

 

2