Kaz1

2017 UIB-SBS Ғылым Және Зерттеу Апталығы жөнінде мәлімет

 UIB-SBS Ғылым және Зерттеу Апталығы экономика, бизнес және басқару ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу іс-шаралар жиынтығы болып табылады. Ең көрнекті және халықаралық танымал ғалымдардың Қазақстанға келуі есебінен осы апта жас ғалымдар арасында ғылыми-зерттеуді насихаттау және жалпы қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу құзыретін арттыруға бағытталған.

Апта Халықаралық Бизнес Университетінің (UIB) және Стокгольм Бизнес мектебінің (SBS) бірлесіп ұйымдастырған жұмысы болып табылады. Апта барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, PhD студенттеріне арналған курстар, ғылыми-зерттеу семинарлары, дөңгелек үстел мен тәжірибе бөлісуге бағыттылған кездесулер, мақала дамыту семинарлары және коктейль желілік іс-шаралары өткізіледі.

Апта UIB зерттеу кеңесінің демеушілігімен ұйымдастырылады. Осылайша, біз Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының қатысушыларына тегін және ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Алайда, бұл іс-шараға деген сұраныстың жоғары болуына байланысты, біз іс-шара үшін алдын-ала тіркелуді талап етеміз. Тіркелген қатысушылардың саны біздің әлеуетімізден асып кеткен жағдайда, біз қатысуға тіркелушіліердің арасынан неғұрлым маңыздыларын таңдап аламыз. Әрбір тіркелген  шара үшін растау хаты беріледі.

Тіркеліңіз және жақсы идеялар, шабыт пен көңілді бір аптаға қазірден бастап қосылыңыз!

Қатысушы есімі

Университет/ Ұйым

Тақырып

Email

Байланыс номері

Қай іс-шараға қатысатыныңызды таңдаңыз:
 "Бизнес және Экономикалық ғылыми-зерттеудегі теория құру жүйесі" PhD Курсы, 1-бөлім "Бизнес және Экономикалық ғылыми-зерттеудегі теория құру жүйесі" PhD Курсы, 1-бөлімЧасть 2 Мақала дамыту семинары Жалпы Дәріс "Халықаралық ғылыми журналдарда жариялау: редакторлық мүмкіндіктер" "Орталық Азиядағы ғылым мен ғылыми – зерттеу жұмыстарын дамыту: Бірлескен күш-мүмкіндіктері" тақырыбында дөңгелек үстел UIB-SBS "Science is Sexy" Коктейль Желілік Іс-Шарасы

Қабылдаушы-жүргізуші – Тони Фанг
Бизнесті ұйымдастыру саласының профессоры, Стокгольм Бизнес Мектебі
“Management and Organization Review (MOR)” журналының редактор орынбасары
“International Journal of Cross Cultural Management (IJCCM)” журналының қосымша редакторы
“International Business Review (IBR)” журналының кітап шолу редакторы

Қабылдаушы-жүргізуші – Чжан Сяотянь
Халықаралық Бизнес Университетінің Ғылыми Істер жөніндегі проректоры
Гарвард университетінің Кеннеди Гарвард мектебінде Rajawali стипендиаты
Оулу университетінің Оулу Бизнес Мектебінде (AACSB) ғылыми қызметкер

 2017 UIB-SBS Ғылым Және Зерттеу Апталығы  Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының қатысушыларына тегін және ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ұйымдастырылатын іс-шаралар

Қабылдаушы-жүргізушілер туралы мәлімет

SBS қабылдаушы-жүргізушісі:

Профессор, доктор Тони Фанг

2

tonyfang

Тони Фанг (PhD 1999, өнеркәсіптік маркетинг, Линкопинг Университеті, Швеция) 100-ден астам халықаралық ғылыми жарияланымдары бар Швециялық халықаралық белгілі ғалым.

Тони Фанг Стокгольм Бизнес Мектебінде Іскерлік Басқару Кафедрасының профессоры болып табылады. Ол – “Management and Organization Review (MOR)” журналының редактор орынбасары, “International Journal of Cross Cultural Management (IJCCM)” журналының қосымша редакторы және “International Business Review (IBR)” журналының кітап шолу редакторы. Тони көптеген басқару саласындағы көптеген Academy of Management Journal (AMJ), Asia Pacific Journal of Management (APJM), Human Relations (HR), International Business Review (IBR), Management and Organization Review (MOR), сияқты журналдарда редакторлық қызмет атқарады.

Тони Фангтың ғылыми қызығушылық салалары: жаһандық мәдениет, кросс-мәдени инновациялық менеджмент, мәдениетаралық көшбасшылық, мәдениетаралық қарым-қатынас, Скандинавиялық мәдениет және басқару стилі, швед инновацияларна әлеуметтік-мәдени талдау, қытай бизнесін зерттеу, және демократия. Тони Фангтың теориялық, эмпирикалық және басқарушылық саласындағы еңбектерінде Инь Ян философиясы негіз болвп табылады.

Тони Фанг Қытай Бизнесінде Келіссөздер Жүргізу Стильі (Thousand Oaks: Sage) және Бүгінгі Қытайда Бизнес Жасау (Стокгольм: SNS) кітаптарының авторы болып табылады. Сонымен қатар,  «Инь Ян: мәдениет туралы жаңа көзқарас», «’Onion’нен ‘Oсean’ге: Paradox және ұлттық мәдениеттердегі өзгеріс», және «Хофштедтің бесінші ұлттық мәдениет өлшеміне сын» сияқты бірнеше ықпалды теориялық жұмыстардың авторы.

Тони Фанг Стокгольм Бизнес Мектебінде «Дамушы Нарықтағы Мәдениаралық Зерттеу Тобы» салааралық ғылыми-зерттеу тобын басқарады. Оның қазіргі уақыттағы жобалары: «Қытай меншiк құқығындағы Volvo көліктері»; «Инь Ян: Мәдениетке Жаңа Көзқарас»; «Дамушы Нарықтардан Алынған Шабыт Негізінде Теорияны Дамыту немесе Қайта Құру».

Тони Фанг бизнес, қоғам, демократия және глобализация  тақырыптарында лекция оқып, жиі ұлттық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарынан көрініп жүр. Академиялық қызметкер болғанға дейін, Тони Фанг Қытай (1987-1991) және Скандинавия (1993-1995) тасымалдау компанияларға  жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Қытайдан Еуропаға және керісінше бағытта жүктерді тасымалдайтын контейнерлік көпфункционалды кеме бортында теңізші болып жұмыс істеді.

 SBS қабылдаушы-жүргізушісі: Доктор Чжан Сяотянь

universitet_mezhdunarodnogo_biznesa_uib_umb_Xiaotian_Zhang

Чжан Сяотянь Гарвард университетінің Гарвард Кеннеди мектебінде Ash орталығында Rajawali стипендиаты, Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінде шақырылған ғалым болып табылады. Қазіргі уақытта, ол – Халықаралық Бизнес Университетінің Ғылыми Істер жөніндегі проректоры, Финляндиядағы Оулу университетінің Оулу Бизнес Мектебінде (AACSB) ғылыми қызметкері, Стокгольм Университетінің Стокгольм Бизнес Мектебінің ғылыми қызметкері. Бұдан алдын ол Оңтүстік Дания Университетінің Халықаралық Бизнес пен Кәсіпкерлік саласындағы доцент болып жұмыс істеді, ол директорлар кеңесінің төрағасы, ЕО-Қытай Жоғары білім қауымдастығының, Финляндиядағы Оулу университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры болып қызмет атқарды; Тарту Университетінде ректор аппаратының Халықаралық Қатынастар (Азия) бас маманы және Орталық Азия және дамушы нарықты зерттеулер орталығы директорының орынбасары болды. Ол халықаралық жобалар бойынша министрліктер мен басқа да үкіметтік ұйымдарға кеңес береді. Сяотяньның Экономика саласы бойынша PhD, Экономика саласы бойынша Магистр (құрметті), MIME, КЖҚ, Heda және басқа да ғылыми дәрежелері бар.

Сяотянь Шанхай университеті (SHU), Ғылым және Технологиялар бойынша Шанхай университеті (USST) және Басқару Ғылымдары және Экономика Университетінде (ISM) сияқты Азия мен Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарында дәріс оқиды. Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді ынтымақтастық және әлемнің белді Финляндия, Дания, Швеция, Қытай және Ұлыбритания елдеріндегі университеттерге бару арқылы жүргізеді.

Кәсіпкер ретінде, Сяотянь, алты компания  құрды және Эстония, Беларусь, Финляндия, Дания мен Қытайда жеті фирмада Директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол Балтық еліндегі «Балтық-Қытай жыл сайынғы бизнес-конференция (BCABC)» жетекші өңірлік конференцияның негізін қалаушы, сондай-ақ Еуропадағы ең ірі  Балтық Қытай Тобы қытай бизнес-қауымдастығының негізін қалаушы болып табылады.

Чжан Сяотянь Халықаралық Бизнес Академиясының (AIB), Еуропалық озық басқаруды зерттеулер институтының (EIASM), және Еуропалық Халықаралық Бизнес Академиясының (EIBA) мүшесі болу құрметіне ие болады. Ол, сондай-ақ, Пекин Гарвард клубының және Шанхай Гарвард клубының мүшесі болып табылады.

Стокгольм Университеті жайында

stockholm-university1stockholm

Әлемнің ең үздік 100 жоғары оқу орындарының бірі ретінде Стокгольм Университеті, Швеция астанасы және мәдени және экономикалық хаб-Стокгольмде орналасқан. Стокгольм Университеті 1878 жылы құрылды. Оның екі ғылыми өрістерді бар: жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар / әлеуметтік ғылымдар. 70000-ден астам студенттер, 1800 докторанттар мен төрт түрлі, құқық, гуманитарлық, математикалық және жаратылыстану ғылымдары, факультеттерінде 5000 қызметкерлерімен, ол Скандинавия ең ірі ЖОО-ның бірі болып табылады. Дүниежүзілік Университеттер (ARWU) Академиялық Рейтинг бойынша әлемнің ең үздік 100 жоғары оқу орындарының бірі ретінде қарастырылса, QS World University Rankings және Times Higher Education World University Rankings Стокгольм Университетін жоғарғы 150 жоғары оқу орындар арасына қояды. Стокгольм университетіне төртінші көне швед университеті ретінде 1960 жылы университет мәртебесі берілді. Швециядағы басқа да қоғамдық университеттер сияқты, Стокгольм университетінің миссиясына кең қоғамда бекітілген оқыту және ғылыми зерттеу кіреді. Стокгольм университеті алты Нобель сыйлығының лауреаттары және басқа да көптеген әлемге әйгілі түлектері үшін атақты болып табылады. (Www.su.se)

 

Байланыс:

Ғылыми кеңес
Халықаралық бизнес университеті
Телефон: +7 (702) 7427724
Email: d.baizhanov@uib.kz
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай д-лы. 8а, Қазақстан