Журналистика қоғам сананы жаңғырту үрдісінде.

 DSCN2795

22 ақпанда Халықаралық бизнес университетінде (UIB) «Журналистика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының тұсаукесері өтті. Дөңгелек үстелді әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасы UIB Университетінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырды. Осы іс-шара шеңберінде «Журналистика» мамандығы бойынша заманауи  білім беру бағдарламалары кеңінен таныстырылды.

 DSCN2772

Журналист мамандығы қазіргі қазақстандық қоғамның өмірінде өте маңызды. Бұл мамандық қиын және көптеген құзыреттіліктерді қажет етеді. Қазақстандық журналист ел өміріндегі, тіпті тағдырындағы өзінің рөлін түсінуі керек. Осы маңызды кезеңде бүкіл Қазақстан үшін қоғамдық сана-сезімді жаңғырту қажеттілігі туындап отыр, отандық БАҚ бұл жерде маңызды рөл атқаруы керек. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі үлкен беделге ие және қоғамға қатты әсер етеді, соның салдарынан әлем бейнесі қалыптастырады. Бакалавриат журналистеріне арналған жаңа оқу бағдарламасын апробациялау мақсатында «Қоғамдық сананы жаңғырту үрдісіндегі журналистика» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге БАҚ өкілдері, сарапшылар-жұмыс берушілер, кафедра оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының практика-оқытушысы Сайдуова Толкын болды.

Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Ивашов Арслан Аманбаевич дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын таныстырды.

«Бүгін біз жұмыс берушілерді кеңес алу үшін жинадық. Сіздердің пікірлеріңіз жетекші мамандар ретінде біз үшін өте маңызды. Біз ертеңгі күні біздің студенттерді қайта тәрбиелеулеріңізді қаламаймыз. Біз сіздерге оларды біздің университеттің қабырғасында оқытуды ұсынамыз.» – осылайша оқу ісі жөніндегі проректор Махметова Анар Мусаевна дөңгелек үстел қонақтарына өз лебізін білдірді.

«Қазіргі таңда журналист түлектен көпті күтеді. Журналист өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен құрылымын елестетуі керек. Өз міндеттерін біліп, олардың мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуі қажет, бұқаралық ақпарат құралдарының ерекшелігін және оның редакциялық саясатын түсінуі өте маңызды.» – әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының профессоры Ержанова Аймкуль Ембергеновна атап өтті.

«Журналистика» мамандығының модернизацияланған бағдарламасын таныстыру құрметі «Журналистика» мамандығының бейінді пәндерінің аға оқытушысы Барысова Лаура ханымға бұйырды. Ол жасаған жұмыстар туралы және жаңа білім беру бағдарламасының екі негізгі шартты түрде бөлінуі мүмкін бағыттары туралы айтып берді.

Жобаның тұсаукесерінен кейін сарапшы-жұмыс берушілерге сөз берілді. Олардың арасында журналист Әмір Молдабеков, режиссер Владимир Тюлькин, журналист Болат Мурсал, «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженова сияқты аты аңызға айналған қайраткерлер болды.

Esquire журналының бас редакторы Юрий Серебрянск журналдың ақпараттық редакторы лауазымына үміткерлеріне қандай талаптар қойылатынын атап өтті, оның ішінде үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілеттілік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру.

Сарапшылар мен шақырылған қонақтардың ұсыныстары заманауи журналисттің негізгі құзыреттеріне қатысты болды. Сарапшылар коммуникативті құзыреттілікті ерекше атап өтті. Дөңгелек үстелдің нәтижесінде қазіргі Қазақстан журналистінің жалпы мәдени, тілдік, этикалық, заңды және нақты коммуникативті құзыреті, нақты типологиясы атап өтілді. Дөңгелек үстелде университеттің техникалық жабдықталуы мәселесі қозғалды, себебі it-құзыреттілік ХХІ ғасырдағы журналист үшін ең маңызды болып табылады.

Кездесудің нәтежиесінде БАҚ өкілдерінің ұсынымдарын қабылдау болды. Білім беру бағдарламасына барлық ұсыныстар мен түзетулер қабылданды және тізімге тіркелді. Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Ивашов Арслан Аманбаев дөңгелек үстелдің қатысушыларына мазмұнды пікір алмасқандары үшін алғысын білдірді. Кездесудің барлық қатысушылары естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.