«Есеп және аудит» мамандығы бойынша ACCA  аккредитациясынан өтті

Сіздерге керемет жаңалықты хабарлауға асығамыз! Халықаралық бизнес университетінің үш тілде оқытылатын «Есеп және аудит» бакалавриат бағдарламасы ACCA (Сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы)   аккредитациясынан сәтті түрде өтті.
ACCA қаржылық және бухгалтерлік мамандардың халықаралық қауымдастығына кіреді, 181 000-нан астам мүше және 181 елде 480 000-нан астам студент құрамына енген және олар қажетті іскерлік дағдылармен керемет мансапты құруға көмектеседі. Әлемнің 100-ден астам кеңселері мен орталықтары, сондай-ақ 8 500 аккредиттелген жұмыс берушілер АССА мүшелері мен студенттеріне арналған жоғары стандарттарды қамтамасыз етеді.
ACCA  кәсіби дағдыларды және білім мен біліктілікті қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ, бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласындағы еңбек нарығында үнемі сұранысқа ие болатынына сенімділік береді.

Қаржы және  есеп кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамына атқарылған жұмыс үшін алғыс айтамыз!