Алматы қаласының мектептерінің физика пәнінің мұғалімдері мен университеттің «Физика» мамандығының магистранттарымен кездесуі

24 желтоқсанда Халықаралық бизнес университетінде Алматы қаласының мектептерінің физика пәнінің мұғалімдері мен университеттің «Физика» мамандығының магистранттарымен кездесу өткізді.

 

 

Алматы қаласының мектептерінің физика пәнінің мұғалімдері мен университеттің «Физика» мамандығының магистранттарымен кездесуі

2017 жылдан бастап UIB «Физика» мамандығы аясында «Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту» мамандығы бойынша магистрлерді дайындайды. Кездесу барысында мұғалімдер ағылшын тілінде сабақ жүргізу барысында алған білімдері мен дағдыларымен бөлісті. Сондай-ақ, магистранттар әр түрлі зертханалық эксперименттер мен тәжірибелер көрсетті. Іс-шара барысында магистранттар өздерін мазалайтын сұрақтарын қоюға, болашақ әріптестерімен тәжірибе алмасуға, өз білімін толықтыруға мүмкіндік алды.

Алматы қаласының мектептерінің физика пәнінің мұғалімдері мен университеттің «Физика» мамандығының магистранттарымен кездесуі

Іс-шараға № 95, 160, 132, 59, 28, 40, 126, ХБН, ФМН, РФМШ және Архимед атындағы мектеп мұғалімдері мен меңгерушілері қатысты.