Бакалавриат – заманауи, келешегі бар, толыққанды және сапалы білім алу жөнінен әлемнің барлық дамыған елдері мойындаған мейлінше ұтымды бағыт.

Білім беру туралы заңға сай бакалаврға оқыту мерзімі 4 жылдан кем емес.  Бакалаврлар дайындау бағдарламасы тар шеңберлі маманданусыз іргелі дайындықты қамтамасыз етеді.  Ол жалпы ғылымдық және жаллпы кәсіби сипатта болады.

Бакалавр дипломы мемлекеттік үлгідегі толыққанды жоғары білім туралы диплом болып табылады.  Ол жоғары білім талап ететін лауазымға орналасуға және магистратурада оқуды жалғастыруға негіз болады.

UIB-да жоғары білім алу деңгейі мен кәсіби дайындық бағыты бойынша  бакалавриатты таңдаудың бірқатар артықшылықтары бар:

Бакалавриат бағдарламасы үш тілде (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүзеге асырылады).

Бакалавриатта оқу қалай жүреді?
UIB-де жоғары білім алу несиелік оқу жүйесінің негізінде  жүзеге асырылады.

Оқудың кредиттік жүйесі – білімгерлер  белгілі бір шекте оқу бағытын өздері жеке жоспарлауға мүмкіндік беретін оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі.
Кредит (Credit, Credit-hour) – оқушы/оқытушы жұмысының көлемін өлшейтін бірыңғай бірлік.  Оқу үрдісін несиелік технология бойынша ұйымдастыруда 1 несие аптасына 3 сағаттық жұмысқа тең деп есептеледі. Сонымен қатар 1 академиялық сағат студенттің 2 сағаттық өзіндік жұмысымен (оқу құралдарымен жұмыс, үй тапсырмаларын орындау және оқытушымен бірге жұмыс) қоса жүреді.

Кредиттік технологиямен оқытудың негізгі мақсаттары:
• студенттердің білім көлемін біріздендіру;
• барынша дараландырып оқыту;
• өзіндік жұмыстың ролін арттыру.

Әр пән бойынша білім сапасы оқытудың үш сатысында балды-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады:
• ағымдағы бақылау (тапсырманы орындау, сабаққа қатысу және басқалар);
• аралық бақылау (8-ші  және 15-ші  аптада тест, бақылау жұмысы және т.б. түрінде);
• емтихан (егер ағымдағы және межелік бақылау жұмыстарындағы балы жеткіліксіз  болса, студент емтиханға жіберілмейді).

Әр кезеңде 0-ден 100-ге дейін балл (рейтинг) қойылады және орташа GPA ауыстыру балы есептеледі. Ол семестрдегі барлық пәндер бойынша балдар саны мен кредиттер санына қарай есептеп шығарылады.

Егер студент пән бойынша тиісті балл жинай алмаса (60%-дан 100%-ға дейін) , онда оған бұл пәнді қайта алуына тура келеді. Бұл – Retake (ритэйк) деп аталады.

Білім беру нарығындағы жаңа бағыт – «бірегей» мамандықтар

Қаржы және есеп кафедрасы

Бакалавриат бағдарламасына оқуға түсу шарттары:

UIB-ге түсу үшін қажетті құжаттар:

 

*** Шетелдік азаматтар ЖОО-ға ҚР заңнамасында, сондай-ақ ҚР бекіткен  халықаралық шарттарда  белгіленген тәртіппен қабылданады.