Халықаралық бизнес университеті – негізі 1992 ж. қаланған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны.

Халықаралық бизнес университеті–  ҚР бас рейтингінде 60 жетекші ЖОО арасында құрметті орын алатын озық білім ордасы.

Білім нарығындағы 20 жыл ішінде университет  академиялық оқыту мен қазіргі бизнес-білімнің ілгерінді технологияларының үздік дәстүрлерін ұштастыратын бағдарламаларды дайындады.

Бүгінгі таңда  UIB – бизнес жүргізуге қабілетті, экономиканың түрлі салаларында  озық, жоғары білімді, жоғары білікті мамандарды дайындайтын  мамандырылған гуманитарлық-экономикалық ЖОО.

UIB үздіксіз білім беретін танымал университет, ол

Мұның өзі әр студент пен тыңдаушыға жоғары және ЖОО-дан кейінгі кәсіптік білімінің траекториясын құру арқылы  өзінің ең жоғары мансап мақсаттарын орындауға мүмкіндік береді. Университеттің жоғары білім нарығындағы жоғары мәртебесінің айғағы оның ҚР ең беделді рейтингілеріндегі тұрақты орындары.

Университет оқытудың кредитті және қашықтықтық технологияларын табысты қолданады, мұның өзі оған халықаралық білім стандарттарына сай болуына мүмкіндік береді. Білім іс-әрекетіне инновацияларды енгізу арқасында университет Ресей, АҚШ, Еуропа, Азия ірі ЖОО-ларымен тұрақты байланыстар орнатқан, олармен бірлескен жобалар орындап, студенттер мен оқытушылармен алмасу бағдарламаларын іске асырады.

Неге UIB?

Түрлі университеттердің түрлі тарихы, түрлі мәдениеті, түрлі құндылықтары бар. UIB университетінің өмірлік құндылықтар жүйесінің негізін  студент бірегейлігі, оның зияткерлік әлеуеті, дербестігі құрайды.

Біз нарықтың және жұмыс берушілердің жаңа сұраныстарына бағдарланамыз. Университетімізде біліммен қатар жеке тиімділігіңізге керекті дағдылар жиынтығын ала аласыз. Бұл дағдылар кез келген мамандыққа бейімдеп, табысты мансапқа қол жеткіздіреді.

Тек бізде Сіз 4 жыл ішінде үш дипломды: мемлекеттік қазақстандық, поляк, американдық дипломдарын қорғай аласыз.

Біз мемлекеттік, халықаралық аккредитациядан өткен жоғары оқу орнымыз. Демек, Сіздің дипломыңыз бүкіл әлемде танылады.

Бізде оқу бағасы мен сапасы ұтымды ұштастырылған, сонымен қатар кез келген білім (бакалавриат, магистратура, МВА, Ph.D) үшін ресурстық  мүмкіндіктерді иемденесіз.