Exam

Exam

ҰБТ-ға дайындау курстары

UIB университеті жаңа үлгідегі ҰБТ-ға және оқуға түсу емтиханына даярлау курстарының ашылғандығын хабарлайды.

UIB университеті Foundation бағдарламасының ҰБТ және ТКТ-ға дайындау жөнінде көпжылдық тәжірибесі бар. Сіздерді оқушылары жылма-жыл тесттен үздік нәтиже беретін жоғары білікті оқытушылар дайындайды. Оқытудың бірегей әдістемесі электронды тестілеуден, пәндерді тереңдетіп оқытудан, нәтижелерді талдау жүйесінен тұрады. Апта сайын міндетті түрде ақысыз байқау тестісі өткізіледі. Сонымен бірге, Сіздер үшін университеттің инфрақұрылымы – кітапхана, тегін Wi-Fi, компьютерлік сыныптар, асханалар, киім ілетін бөлме, медициналық көмек көрсету бөлмесі  – толығымен қол жетімді болады.

Дайындық негізгі пәндер: Қазақстан тарихы, орыс/қазақ тілдері, математикадан жүргізіледі. Таңдау пәндері: география, физика, ағылшын тілі, дүниежүзілік тарих.

Мекенжайымыз:  Абай даңғылы, 8а, UIB университеті, 1-қабат, 135-дәрісхана,
«Foundation бағдарламасы»

Байланыс телефондары:
8(702)188 10 65, 8(727)259 64 41, 259 80 00