НКАОКО AQA accreditation Observatory Герб UIB
Ғылым — біздің заманымыздың жүйке жүйесі

 

6D050600 ‘Экономика’ мамандығы бойынша докторантураға түсушілер үшін кешенді қабылдау емтиханының бағдарламасы

6D050700 ‘Менеджмент’ мамандығы бойынша докторантураға түсушілер үшін кешенді қабылдау емтиханының бағдарламасы

Учебная программа вступительных экзаменов в докторантуру для 6D050900 “Финансы”

Доктор дәрежесі не үшін керек?

Грант арқылы ақысыз оқу мүмкіндіктері

ХБУ практикалық білім беру университеті Қазақстанда докторантура бағдарламасын енгізу сәтінен бастап, жылма-жыл ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін гранттар алады.
Біз өтінімдерді жинаймыз, содан соң үміткерлер ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру грантын алу үшін емтихандар тапсырады.
Докторанттар дайындау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

Қаржы
Экономика
Менеджмент

Дайындықты кім жүргізеді?

Философия докторларын (PhD) дайындау жоғары халықаралық деңгейдегі шетелдік ғалымдар мен профессорларды, ХБУ серіктестерін тартумен жүргізіледі:

Кеннесау университеті (АҚШ)

http://www.kennesaw.edu/

Болон университеті (Италия)

http://www.unibo.it/en

Кореяның ғылыми-технологиялық жоспарлау институты

http://www.kistep.re.kr/en/

Польша-Американдық университеті (Польша)

http://www.wsb-nlu.edu.pl/en
 

Негізгі талаптар

Оқуға түсер кездегі талаптар: 
  • Ғылыми-педагогикалық бағыттың магистрі академиялық дәрежесінің болуы (2 жыл оқу)
  • Болашақ еңбегінің қысқша негіздемесі
  • Қабылдау комиссиясы үшін құжаттары (жеке куәлігі, магистр дәрежесінің дипломы және қосымшасы, 3х46 фотосы, түсірілген флюорографиясы бар 086У медициналық анықтамасы, ерлерге әскери билет)
  • 3 жылдық еңбек қызметі
 Қабылдау емтихандары:
  • Ұлттық тестілеу орталығында шет тілі немесе TOEFL, IELTS, DELF, DSH  сертификаттарын табыс ету
  • ХБУ-де мамандық бойынша пәнді тапсыру
3 жыл бойына PhD бағдарламасының тыңдаушылары теориялық курстан өтіп, ғылыми-зерттеу бөлігін жүзеге асырып, докторантураны бітірерде диссертациялық кеңес алдында докторлық диссертация түріндегі дербес ғылыми еңбекті қорғауы керек.
Жарияланымдары: 7-ден кем болмауы тиіс: Докторантура білім беру бағдарламасын толық орындаған және докторлық диссертациясын табысты қорғаған тұлғаларға тиісті дайындық бағыты бойынша мемлекеттік үлгідегі «философия докторы (PhD)» дипломы беріледі.

 

Ph.D – қайта жасақталу

Жаңа жолдарды іздеу үстіндегі ақыл-ойдан сирек нәрсе жоқ

Біз ғылым мен инновацияларды  біріктіру, зерттеулерді коммерцияландыру, дарынды жастарды тартудың жаңа үлгісін дамытудамыз. Бүгінгі таңда жастар ғылымға қадам басып, зерттеушілер саны белсенді артуда. Міне, сондықтан еліміздің индустриализация мен инновацияларға бетбұрыс жасауына байланысты біз ғылыми кадрларды даярлау тетіктерін жетілдірудеміз.

Қаржылық-экономикалық және басқару салаларында мамандану бағыттары бойынша кадрларды даярлау нарықтың жаһандануына, Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың макроэкономикалық ықпалын, біріктіру үдерістерінің салдары мен келешегін, экономиканың бейімделу шараларын кешенді бағалауға, іс-әрекеттің жаңа қаржылық үлгілерін қалыптастыруға және т.б.бағдарланған.

Докторанттарды дайындау саласындағы қайта жасақталудың мақсаты – дүние жүзінің барлық елдерінде жүріп жатқан ғылыми кадрларды даярлау жүйесін қайта құру. Бұл үдерістің маңыздылығын артық бағалау мүмкін емес, өйткені жоғары білікті ғылыми мамандар «білімдер экономикасында» басты роль атқарады. Ал жаһандану мен  интернационалдандыру ғылыми кадрлардың даярлануына да, докторанттардың одан әрі жұмысқа орналасуына елеулі әсерін тигізеді.

Байланыс мәліметтері:

Спанов Магбат Уарысбекұлы
+7(727) 259-80-04