Докторантура

Білім берудің үш сатылы жүйесіне көшкен жағдайда Қазақстан қатысушысы болып саналатын Болон процесіне сәйкес PhD докторлық сатысы  ең жоғары білім  сатысы  болып        есептелінеді.

Философия докторларының (PhD) кәсіби қызметі ғылыми және оқытушылық жұмыспен, сондай-ақ бизнеспен, мемлекеттік қызметпен де байланысты.

Докторантура білім беру бағдарламасын толық орындаған және докторлық диссертациясын табысты қорғаған тұлғаларға тиісті дайындық бағыты бойынша мемлекеттік үлгідегі «философия докторы (PhD)» дипломы беріледі.

PhD докторантурасының бағдарламасы –3 жылдан кем емес оқу мерзімі белгіленген, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін берумен ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлауға бағытталған  жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламасы. Философия докторы (PhD) даярлау оқу бағдарламасы іргелі білім, әдіснамалық, зерттеу дайындықтарын жүргізеді және қаржы және экономика пәндерін тереңдетіп оқытуды жүзеге асырады.

Докторантурада оқу барысында PhD докторанттары ғылыми жұмысымен айналысу үшін  барлық мүмкіндіктерді алады, атап айтқанда:

Ғылыми жұмыс немесе докторлық диссертация тиiстi ғылыми бағыттың дамуындағы жаңа iрi жетiстiк ретiнде тануға болатын теориялық қағидалар шығарылған дербес зерттеу болып табылады. Докторанттың ғылыми жұмысы өзекті әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми-техникалық проблемаларды шешуге бағытталған,  нақты кәсіпорын, ұйымдар мен компаниялардың мысалында қолданбалы зерттеулердің арқасында шешім табудың жаңа әдістері мен тәсілдері ұсынылған жұмыс болуы тиіс.

Ғылыми жұмыстың өз жазылу құрылымы бар, онда зерттелетін мәселе бойынша проблемалар, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, жаңалығы мен өзектілігі,  оның теориялық және практикалық базасы, талдауы мен қорытындысы қарастырылады,   негіздеме мен ұсыныстар беріледі.

Докторантураға оқуға түсу талаптары.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 10 30 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

*** Осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін тұпнұсқалар тапсырылуы тиіс. Салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының  докторанттары (PhD) контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар немесе «ғылым кандидаты» атағы бар тұлғалар қабылданады.

Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде ақысыз жоғары оқу орнынан кейінгі білім ала алады, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, әскери оқу орындарынан басқа.

Шетелдік азаматтардың конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білімді  алу құқығы Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.

Тұлғаларды докторантураға қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Оқуға түсу емтихандары 10 – 20 тамыз аралығында өтеді. Оларға мыналар жатады:

  1. шет тілі (ағылшын, француз  және неміс)
  2. мамандық бойынша емтихан.