Фото с проф.Анна Бачински и Директором Офиса Международных тношений Валентиной Гумински

Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының доценті

Гайния Оразбекқызы Тажинаны Варшавадағы (Польша) Kozminski University-нде табысты өткізілген оқу курсымен  құттықтаймыз!

 

2017 жылдың  26 наурызынан 2 сәуіріне дейін Гайния Оразбекқызы «Teaching Mobility under the Erasmus+ Programme» бағдарламасы шеңберінде  «дәрістер мен пікірсайыс семинарлары» форматында  «Көшбасшылық» курсын өткізді. Осы уақыт аралығында ол дәрістер мен студенттердің алдын ала өздік жұмыс ретінде алған тапсырмалары бойынша пікірсайыс семинарларын өткізді; студенттер жеке жобаларын дайындап, «Менің көшбасшылық әлеуетім» атты портфолиосын құрастырды,  UIB UIB  дәріскері емтихан қабылдап, студенттердің балдарын қойып берді!!! Ал  студенттер деп отырғанымыз Франциядағы University of Caen Normandy-дан келіп,  Kozminski University-нде алмасу бағдарламасы бойынша оқып жатқан «Менеджмент» мамандығының магистранттары еді.

Гайния Оразбекқызы сондай-ақ Kozminski University  профессорларымен ғылыми зерттеу саласындағы әлеуетті ынтымақтастық пен  гранттық зерттеу жобаларын жүргізу жөнінде  кездесулер өткізді.