Халықаралық бағдарламалар

UIB университеті жылма-жыл 40-тан 60 студентке дейін Еуропа мен Шығыс Азияға академиялық мобильдік, қос диплом, үш диплом бағдарламалары бойынша оқуға, магистранттар, докторанттар, MBA бағдарламасының тыңдаушыларын  шетелдік тағлымдамаларға жібереді.

Мобильдіктің студенттер үшін артықшылықтары:

  • Ағылшын тілді ортада жүреді;
  • Шет елдік білім жүйесімен танысады;
  • UIB университетінде жоқ пәндерді оқи алады;
  • Басқа елдердің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысады;

Академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша студенттер өздерінің ғана емес, өзге де мамандықтар  бойынша элективті пәндерді оқи алады. Таңдауды кетпей тұрып жасау керек, барлық таңдалынған пәндер көрсетілген үш жақты келісім (learningagreement) жасалынады. Мобильдік аяқталған соң, серіктес ЖОО-ның академиялық транскрипті беріледі.

Серіктес ЖОО-лар:

  • Азия (Оңтүстік Корея, Қытай)
  • Евроодақ (Польша, Латвия, Франция)

Көптеген шетелдік ЖОО-лар  үшін жоғары деңгейдегі ағылшын тілі керек. Біздің серіктестеріміз бұл деңгейді өздері анықтайды.

UIB университеті IELTS және TOEFL сертификаттары жоқ студенттерге арналған орыс тіліндегі мобильдік бағдарламасы бар ҚР-дағы бірінші университет.

Жыл сайын 25-35 студент қос диплом бағдарламасы бойынша білім алады.  2016 жылы оқуға түсушілер үшін ХБУ келесі елдерде 2 дипломдық бағдарламалар ұсынады:

  • Франция;
  • Латвия;
  • Литва;
  • Польша;
  • Оңтүстік Корея;
  • Қытай;

Академиялық мобильділік

1. Николай Коперник Университеті ( Торунь қ., Польша, www.umk.pl)

Мамандықтар:

  • Саясаттану
  • Халықаралық қатынастар
  • БАҚ және Әлеуметтік коммуникация
  • Ұлттық қауіпсіздік

1945 жылы құрылған Торундағы Николай Коперник Университеті  Солтүстік Польшадағы ең үлкен университет, ғылыми әлеуеті, ұсынатын оқу курстары, оқу түрі, студенттер және түлектер саны жағынан  ерекше болып табылады.

2. Солбридж халықаралық бизнес-мектебі (Вусонг қ., Оңтүстік Корея, www.solbridge.ac.kr)

Мамандықтар:

  • Қаржы
  • Маркетинг
  • Стратегия және басқару
  • Кәсіпкерлік
  • Басқарудың ақпараттық жүйелері/операциялық менеджмент

Солбридж Бизнес-мектебі   Вусонг университетінің ең жас колледжі болып табылады. Вусонг университеті Оңтүстік Кореяның жоғары білім министрлігімен акредиттелген. Оңтүстік Кореяның БМ Вусонг университетін индустриалдық білім беру саласындағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі деп таныды.

3. ВаньЛи университеті (Женьжан қ., Қытай, http://en.zwu.edu.cn/english/)

Мамандықтар:

  • Халықаралық бизнес
  • Қаржы
  • Экономика
  • Маркетинг
  • Халықаралық менеджмент;

Женьжан Ваньли Университеті үздік қытай дәстүрлерімен сабақтасатын жаңа менеджмент жүйесін қолданады.  Женьжан Ванли өзінің функционалдылығы жоғары әсем студенттік жатақханасымен ерекшеленеді. Университет жаңа техникалық құралдармен жабдықталған.

4. WSB-NLU Университеті (Новы Сонч қ., Польша, http://www.wsb-nlu.edu.pl/ru )

Мамандықтар:

  • Есеп және аудит
  • Қаржы
  • Экономика
  • Халықаралық менеджмент;

WSB-NLU халықаралық серіктестікте ерекше салтты ЖОО. Құрылған күнінен бастап басты мақсаты – студенттер мен түлектерге бай интеллектуалдық және тәжірибелік дамуы үшін жағдай жасау.

Қос диплом бағдарламасы

WSB-NLU Польша-Америкалық университеті, ағылшын және орыс тілінде бакалавриат  оқу бағдарламасын ұсынады.  WSB-NLU Польша-Америкалық университеті Польшаның  ең жақсы 10 ЖОО-сы  қатарына кіреді.

Оқуға қабылдау  ережелері:

  • Студенттер бірден екі университетке ХБУ және WSB-NLU-ге қабылданады;
  • Студенттер 1,2,3 курсты ХБУ-де, ал 4 курсты WSB-NLU-де оқиды;
  • Қазақстанға оралғаннан кейін студенттер  диплом алу үшін  қалған пәндер бойынша сабақтарды өтеді;
  • Студенттер ХБУ және WSB-NLU үшін ағылшын тілінде бір диплом жазады;
  • Польшалық дәреже Қазақстан дәрежесімен бірдей беріледі;

Диплом бойынша мамандықтар:

  • UIB дипломы– кез келген мамандық;
  • WSB-NLU (ЕС бакалавриаты) дипломы – менеджмент;

Үш диплом бағдарламасы

WSB-NLU Польша-Америкалық университеті ағылшын, поляк және орыс тілінде бакалавриат оқу бағдарламасын ұсынады. WSB-NLU Польша-Америкалық университеті Польшаның 10 ең жақсы ЖОО қатарына кіреді.

Оқуға қабылдау  ережелері:

  • Студенттер бірден екі университетке ХБУ және WSB-NLU-ге қабылданады;
  • Студенттер 1,2,3 курсты ХБУ-де, ал 4 курсты WSB-NLU-де оқиды;
  • Қазақстанға оралғаннан кейін студенттер  диплом алу үшін  қалған пәндер бойынша сабақтарды өтеді;
  • Студенттер ХБУ және WSB-NLU үшін ағылшын тілінде бір диплом жазады;
  • Үш жақты шарт негізінде Америкалық дәреже Қазақстан және Польша  дәрежесімен бірдей беріледі;
  • үш диплом бағдарламасына қабылдану үшін студенттердің TOEFL, IELTS сертификаттарымен расталған жоғары деңгейдегі ағылшын тілі болуы керек .

Диплом бойынша маманданулар:

  • UIB Дипломы– кез келген мамандық;
  • WSB-NLU дипломы (ЕС бакалавриаты) – менеджмент;

NLU (АҚШ) дипломы – бизнес-әкімшілік.

Халықаралық жоба – STUDIK бағдарламасы

Студенттердің өзін-өзі басқаруы және Қазақстандағы демократиялық  үдерістерге қатысуы

Жобаның басты мақсаты  — Қазақстанда таңдаулы өкілдерден тұратын тәуелсіз студенттік одақтар құрып, оларға өз-өздерін ұйымдастырып, саяси белсенді болуға және университет өмірінде маңызды роль атқаруға мүмкіндік беру. Бұл сонымен қатар университет басшылығына ықпал ету тетіктерін тауып (Факультет Сенатының (Кеңесінің) бір бөлігі болып табылатын студенттердің өкілдері арқылы), студенттердің проблемаларын шешуге бағдарланған қызметтің сапасын көтереді.

STUDIK жобасы қазақстандық университеттерде студенттердің өзін-өзі басқаруы және Қазақстандағы демократиялық  үдерістерге қатысуын дамытуға тырысады.  

Осы тұрғыдан бұл ұйымның алдына қойған төрт мақсаты бар:

  1. ЕО тәжірибесін таратып, оның үлгілерін енгізу мүмкіндіктерін қарастыру үшін көпір орнатып, Қазақстан мен Еуроодақ мүшесі болып табылатын елдердегі студенттердің өзін-өзі басқаруының жай-күйі туралы білімді тереңдету;
  2. Университет үдерістеріне студенттердің қатысуын студенттердің өздері, министрліктегі жоғары лауазымды шенеуніктер және университет басшылығы түсініп, қолдауы;
  3. Студенттерді студенттік үкіметтерге ұйымдасуына ынталандырып, олардың қазақстандық университеттердегі және жалпы қоғамдағы ықпалын жаңғырту;
  4. Қазақстандық университеттерде  студенттердің өзін-өзі басқаруын ұйымдастырудың тиісті заңды және институционалды құрылымын орнату

Жоба үйлестірушісі:
TUD — Дрезден Техникалық университеті,  Германия

Іс-әрекеттің жергілікті үйлестірушісі:
UIB — Халықаралық бизнес университеті,  Алматы, Қазақстан

Еуроодақ елдерінен жоба серіктестері:

  • BOKU — Табиғи қорлар мен тіршілік туралы ғылымдар университеті, Вена, Австрия
  • LZUU — Литва ауыл шаруашылық университеті, Каунас, Литва
  • LZUU-SR – Литва ауыл шаруашылық университеті студенттерінің одағы, Каунас, Литва
  • ISMA — Ақпараттық жүйелер менеджменті институты, Рига, Латвия
  • ISMA-SSG — Ақпараттық жүйелер менеджменті институты студенттерінің өзін-өзі басқаруы, Рига, Латвия

Жобаның Қазақстандағы серіктестері:

  • ЕҰУ – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ-сы
  • ҚазХҚжХТУ — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және халықаралық тілдер университеті, Алматы қ-сы
  • ТИГУ — Тараз Инновациялық гуманитарлық университеті, Taраз қ-сы
  • ЗКУ — Батыс-Қазақстан агротехникалық университеті, Уральск қ-сы
  • ҚМУ – А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай қ-сы
  • КМТИУ — Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ-сы
  • ҚМУ — Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ-сы
  • ШҚМТУ — Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Өскемен қ-сы
  • ҚазҚЭА — Қазақ қаржы-экономика академиясы, Семей қ-сы
  • АМПИ — Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Арқалық
  • ОҚМУ – Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ-сы
  • ҚР БжҒМ — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Астана қ-сы
  • АСА – Алматы қаласының студенттер альянсы, Алматы қ-сы
  • ҚЖК — Қазақстан Жастар Конгресі, Астана
  • ҚазҰУСС — Қазақ ұлттық университетінің студенттер Сенаты, Алматы қ-сы
  • КМК – Конгресс молодежи Казахстана, Астана
  • ССКазНУ – Сенат студентов Казахского Национального Университета, г. Алматы