2016 жылдың  қазан айында «Халықаралық бизнес университеті» ЖШС мен «ҚР кәсіби есепшілер Палатасы» деп аталатын Есепшілердің кәсіби ұйымы өзінің еншілес ұйымы «Еуразиялық сертификатталған көпшілік есепшілердің институты» атынан CIPA және EICPA халықаралық есепшілердің кәсіби сертификацияларын жылжыту бағытындағы бірлескен іс-әрекеттер туралы шартқа қол қойды.

Тараптар аталған ынтымақтастықты жүзеге асыруға  қатысуын  үміткерлерге «I деңгейдегі: Сертификатталған Есепші-практик» және екінші деңгейдегі CIPA халықаралық сертификациясының «Сертификатталған халықаралық кәсіби есепші» және  EICPA халықаралық сертификациясының тиісті деңгейлерінің (Сертификатталған көпшілік есепші-техник, Сертификатталған көпшілік есепші-практик, Сертификатталған көпшілік есепші-кәсіпкер) біліктілігін беру мақсатында Ереже мен Университет оқу жоспарларында белгіленген пәндерді өзара есепке алу арқылы білдіреді.

Халықаралық бизнеc университеті — 1992 жылы құрылған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Халықаралық бизнеc университеті –ҚР бас рейтингіндегі  60 жетекші жоғары оқу орындарының ішінде құрметті орын алып отырған өз сегментіндегі анық көшбасшы. Білім беру нарығындағы көпжылдық тәжірибесінде университет академиялық дәстүрлі білімі мен қазіргі бизнес—білімнің озық технологияларын ұштастыратын тиімді бағдарламалар жасалды.

ҚР кәсіби есепшілер Палатасы Халқаралық Есепшілер Федерациясының мүшесі  және ҚР Қаржы министрлігімен аккредиттелген Қазақстандағы есепшілердің ең ірі ұйымы. Палатаның құрамында  9000-нан астам мүше, CIPA және EICPA халықаралық сертификаттары бар ҚР кәсіби есепшілері.

ХБУ мен кәсіби есепшілер Палатасының ынтымақтастық туралы  Меморандумының аясында алғашқы қадамдар жасалды:

Кәсіби есепшілер  Палатасы  Есеп және аудит мамандығының үш пәнін сараптамадан өткізіп, сараптамалық қорытынды жасады, ал 2016 жылдың 22 және 24 желтоқсанында  Халықаралық бизнес университетінде келесі тақырыптарға  семинарлар өткізілді: «Халықаралық деңгейдегі маман болам деушілеріге мамандыққа кіріспе» Есеп және аудит  мамандығының студенттері мен магистранттары үшін  Кәсіби есепшілер Палатасы директорлар Кеңесі Төрағасы Алимбетов Нұрлан Орынбасарұлының қатысуымен.

Университет пен Палатаның ынтымақтастығы студенттерге жұмысқа тез бейімделуге, мамандығына тез үйренуге және тез арада өз ісінің маманы болуға себін тигізеді.