Іс-тәжірибе

Таныстыру іс-тәжірибесі

Түйіндемедегі үлгі

Жоғары кәсіби  білімде негізгі білім беру бағдарламасының оқу процесінде іс-тәжірибе маңызды құрамдас бөлім болып есептелінеді, Мемлекеттік білім беру стандартының талабына сәйкес оқудың барлық түрі оқу жоспарына енеді.
Танымдық іс-тәжірибе мамандар даярлау бойынша оқу үдерісіндегі негізгі әрі қажетті  құрам болып табылады.
Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты теориялық білім негізінде кәсіпорынның оның  бөлімшелерінің жұмысының басты қағидаларымен таныстыру, мамандардың кәсіби дайындығының сапасын жақсарту.
Сол мақсатқа сәйкес танымдық іс-тәжірибенің басты міндеттері төмендегідей:
–  нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жұмысының басты бағыттарымен таныстыру;
– кәсіпорынның экономикалық, коммерциялық және өзге де қызметтерінің міндеті, рөлі, орны және ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құрылымын зерттеу;
– кәсіпорынның нормативтік актілерімен, қызметімен танысу.

Диплом алдындағы іс-тәжірибе
Диплом алдындағы іс-тәжірибе бұл ЖОО-да білім алудың аяқталар кезеңі. Тәжірибеден, практикадан өткізу мақсаты төмендегідей:
– ЖОО-да алған білімді тереңдету;
– кәсіби біліктілікті тәжірибе кезінде нығайтуға ұмтылу;
– дипломдық жұмысты жазуға дайындық.
Диплом алдында тәжірибенің, практиканың өндірістегі жұмыстан айырмашылығы қандай? Тәжірибеден өту кезінде, сіздер дипломдық  жұмыста жазуға қажетті жағдайларға ғана назар аудармайсыз. Өндірістік практика  жүйелі түрде оқудың барлық үдерісінде жүргізіліп, кеңейтілген саланы қамтиды.

Өндірістік тәжірибе.
Өндірістік тәжірибе, практика  – оқу үдерісіндегі өндірістік жағдайда әртүрлі кәсіпорындарда білікті мамандар мен жұмысшыларды даярлаудағы тәжірибелік бөлігі. Өндірістік тәжірибе кезеңінде теориялық оқу-практикалық оқудың  нәтижелері айқындалып, нақтыланды. Сондай-ақ студенттердің практикалық жұмыстағы  дағдылары мен іскерлігі де назардан тыс қалмайды.

Тәжірибеден өтуге өтініш
Мұндай өтінішті, сіздер e-mail careercenter.gmail.com арқылы жібере аласыздар.
Кез келген сауал бойынша 117-кабинетке немесе 259-80-06 телефонға хабарласыңыз.