PslWpqys8z8

2017 жылдың 21 ақпанында Халықаралық бизнес университетінде ХБУ профессор-оқытушылар
құрамы мен студенттері нің қатысуымен , қазақтың атақты қоғамдық-саяси қайраткері, "АлашОрда" қозғалысының көшбасшысы— Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған кездесу өткізілді. Кездесуді әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасы ұйымдастырды. ХБУ доценті Гайния Оразбекқызы Тажина кездесу модераторы болды. Кездесуге Әлихан Бөкейхановтың ғылыми, саяси, тарихи мұрасын зерттейтін алихантанушы ғалымдар қатысты. Қонақтар ретінде филология ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының профессоры Айгул Ісмақова, outfitter.kz жобасына қатысушы Мухаметжанов Азамат, Әлихан Бөкейхановтың немере інісінің жесір әйелі, «Көпіржолжоба» ЖШС директоры Головкина Александра Борисовна қатысты. Александра Борисовна қайтыс болған күйеуі Сырым Бөкейхановтың "Өткен күнде белгі бар" атты Әлихан Бөкейхановтың шығармашылық өміріне арнап жазған кітабын ұсынды. Кітапта туысқандарының ұлы бабамыз туралы естеліктері, құнды құжаттар, хаттар мен фотосуреттер берілген. Сондай-ақ мұнда Әлихан Бөкейхановтың өміріндегі қайғылы оқиғалар туралы да баяндалады. Туыстары мен Әлихан отбасының достары осы кітапты құрастыруға белсенді қатысқан: өткен күндерден қалған әсерлері, естеліктері,ойларымен кеңінен бөліскен. Александра Борисовна құнды кітаптың бірнеше данасын ХБУкітапханасына сыйға берді.
Кездесу барысында Айгул Ісмақова жиналған қоғаммен Әлихан Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы жөніндегі өз зерттеулерімен таныстырды. Айгул Ісмақова Әлихан Бөкейхановтың өміріндегі көпшілік онша білмейтін өте қызықты деректер туралы: оның Санкт-Петербургтегі оқуы туралы, тарихта аты белгілі тұлғалар: Жетісу генерал- губернаторы
Колпаковский, Ленин, Сталин, Керенскиймен кездесулері туралы.әңгімеледі. Профессор
Ісмақова Әлихан Бөкейхановтың ҚСРО құрамындағы Қазақстан аумағының шекараларын айқындауға қатысқаны жөнінде де әңгіме қозғады. Профессор Әлихан Бөкейхановтың өмірі
мен қызметі қазіргі жастар үшін Отанды риясыз сүюдің, еңбекқорлықтың, білімге құштарлық пен көшбасшылықтың үлгісі болатынын ерекше атап өтті.Қазақ географиялық қоғамының «Әлихан Бөкейхановтың ізімен» жобасына қатысушы Мухаметжанов Азамат Қазақстаннның қалалары мен облыстарында, Ресей мен Белоруссияда, яғни Бөкейхановтың өмірі мен қызметіне байланысты жерлерде өткен экспедиция туралы әңгімелеп берді.