18 қараша күні университетеміздің қабырғасында белгілі қоғам қайраткері, жазушы және Қазақстан Республикасының Қытайдағы бұрынғы елшісі Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Мұрат Әуезов жиналғандарға әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы, Абай Құнанбаевтың философиялық-дүниетанымдық көзқарастарының еліміздің өскелең ұрпағы үшін маңызы  туралы әңгімелеп берді. Кездесуді ХБУ-дің әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасы ұйымдастырды.

Мұрат Мұхтарұлы өзінің жақында ғана жарық көрген «Времен связующая нить» атты жаңа кітабының қысқаша тұсаукесерін жасап, бұл туындыда ұлттық әдебиет пен мәдениеттің  бірігуі туралы, сондай-ақ әлемдегі, кеңес дәуірініен кеінгі кеңістіктегі, Орталық Азия аумағындағы қазіргі  геосаяси жағдай туралы материалдар мен құжаттар жинақталғанын айтты.  Жиналған қауымға Мұрат Әуезовтың бұл кітабында Жібек жолының  қайта өрлеуінің ақпарат желісі ретінде,  еуразилялық және қазақстандық қоғам тарапынан әлем есігін ашу мен танудың құралы ретінде ерекше маңызы туралы қызықты және дәлелді  баяндалғаны мәлім болды.

ZSrmVVFRGe0

Кездесу барысында Қазақстанның ҚХР-дағы  бұрынғы елшісі ҚР мен Қытайдың өзара қарым-қатынасы, әлемде болып жатқан саяси үдерістер, АҚШ-та болған өзгерістерге байланысты алпауыт елдердің арасындағы қатынастарда болуы мүмкін  өзгерістерге және т.б. қатысты көптеген сұрақтарға жауап қайтарды. Мұрат Әуезовтың пікірінше, Қытай сыртқы саясатының басты мақсаты мен міндеттері – realpolitik -нақты саясат бағытында  әрекет ету, яғни ұлттық мүддеге баса назар аударып, күштердің теңгерімін сақтауға тырысу.

Жиналғандардың көпшілігі Қазақстан мен Қытайдың шекарааралық өзендері туралы алаңдаушылық білдірді. Студенттердің көбін Мұрат Әуезовтың  Қазақстандағы Қытай азамататтарының көбеюі туралы ой-пікірі аса қызықтырды. Белгілі қайраткердің ойынша: «Қытайдың ішкі аудандарынан біраз ханьдықтар біздің шекараларымызға  қарай көшуде». «Қытаймен рұқсатнамасыз режим енгізу қажет пе?» деген сұраққа экс-елші жағымсыз жауып қайырды..

Кездесу соңында Мұрат Мұхтарұлы студенттерге оқу мен еңбекте табыс тілеп, алған білімдерін Отанымыз Қазақстанның игілігі үшін жұмсайтындарына сенім білдірді.

mQWSJCD08uE