НКАОКО AQA accreditation Observatory

Магистратура: алған білім негіздерінің өмірдегі мәнін түсінуге бағыт алу

 

 

Магистр – студентке оқуды бітірген соң бакалаврдан кейін берілетін  атақ.

Бірақ түсінікті болу үшін, шартты түрде бакалавр дәрежесін негізгі жоғары білім деп, ал магистр дәрежесін  — одан әрі мамандану деп алайық.

Егер Сіздің зерттеу қабілетіңіз болса, ғылым жолы мен оқытушылыққа қызықсаңыз, онда магистратура — дәл  Сіз үшін қажет нәрсе!

Магистратура ғылыми-зерттеу жұмысы дағдысын қалыптастырады, бұл дағдылар кез келген мамандықта: экономист, заңгер, менеджер мамандығында да өте пайдалы. Біздің практикалық білім беру университетінде магистрлерді даярлау тек ғылыми-зерттеу жұмысы мен педагогикалық қызметке ғана бағдарланбаған, сондай-ақ жоғары білікті практикалық жұмысқа көп көңіл бөлінеді, соған байланысты магистрлік бағдарламаның негізгі бағыттары мынадай:

Ғылыми-педагогикалық бағыт (2 жылдық), бейінді бағыт (1 жылдық).

Сонымен қатар магистратурада  екі диплом және үш диплом алу бағдарламалары бар. Бұл бағдарламалар еуропа үлгісіндегі диплом алуға мүмкіндік береді. Осы бағдарламалардың артықшылығы олардың Қазақстан ішіндегі және одан тыс жерлердегі еңбек нарығында біздің магистранттарымыздың  бәсекеге қабілеттілігін арттыруында.   Магистр дипломын алғаннан кейін, Сіз тезірек биік мансапқа жете аласыз.

 

Магистратура бағдарламасына түсу шарттары

 

Магистратураға құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.

Магистратураға түсуге үміткерлер 2 оқуға түсу емтиханын тапсырады — шет тілі және

мамандық бойынша емтихан

Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс тілдерінен) оқуға түсу емтиханы ҚР Білім және ғылым

министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша кешенді тестілеу

үлгісінде тапсырылады.

Шет тілі емтиханының форматы

Шет тілдерінен кешенді тест халықаралық TOEFL, PET, FCE (ағылшын тілі), DELF (француз

тілі) және Zertifikat Deutsch (неміс тілі) тесттерінің негізінде жасалып, аталған тілдерді меңгеру

деңгейін бағалау үшін өткізіледі, ол тыңдалым және оқылым коммуникативтік біліктілігінің

қалыптасу деңгейін, сондай-ақ тілдік құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін (лексика-

грамматикалық тест) анықтайды. Барлық тест тапсырмалары жабық түрде ұсынылады. Әр

тапсырма бойынша ұсынылған 5 нұсқа жауаптың біреуін таңдау қажет.

Әр тапсырманы орындауға берілген уақыт: 1-2 минут.

Тест 100 тапсырмадан тұрады.

Тестілеу уақыты – 155 минут.

Тест 3 бөлімнен тұрады.

1-бөлім – Тыңдалым. Тесттің бірінші бөлімін өткізу барысында жинақы дискті тыңдау үшін

аудиотехника қолданылады. Жинақы диск 4 мәтінді қамтиды: әр мәтін аз ғана кідірістен кейін

қайталанады. Үміткерлердің тыңдалған мәтіндерді түсіну деңгейін тексеру үшін, әр мәтінге

сұрақтар кітапшасында тест тапсырмалары беріледі. Тыңдалым тесті 20 тапсырмадан тұрады.

Орындау уақыты – 45 минут.

2-бөлім – Лексика-грамматикалық тест. Лексика-грамматикалық тест үміткерлердің грамматика

мен лексикологияны меңгеру деңгейін тексеретін тапсырмалардан құралған. Лексика-

грамматикалық тест 50 тапсырмадан тұрады. Орындау уақыты – 75 минут.

3-бөлім – Оқылым. Тест мәтіндерден және үміткерлердің осы ұсынылған мәтіндердің

мазмұнын түсіну деңгейін тексеретін тапсырмалардан құралған. Оқылым тесті 30

тапсырмадан тұрады. Орындау уақыты – 60 минут.

Шет тілінен қабылдау емтиханы бойынша алуға болатын ең аз шекті балл– 50 балл.

*Ескерту. Тілдік сертификаттар

Мынадай бағдарламалар бойынша:

TOEFL ITP, TOEFL — шекті балл кемінде 560 (Test of English as a Foreign Language, Test of

English as a Foreign Language Institutional);

IELTS — шекті балл кемінде 6.0 (Testing Programm International English Language Tests

System);

Grundbaustein DaF — шекті балл — С 1;

DSH — шекті балл С 1 (Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang);

DELF — шекті балл В 2 (Diplome d’Etudes en Langue français);

DALF — шекті балл С 1 (Diplome Approfondi de Langue français);

TCF — шекті балл кемінде 400 (Тest de connaisances de français)

шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін

(ағылшын, француз, неміс тілдерін) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары

бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілі бойынша түсу

емтиханынан босатылады.

Шет тілінен оқуға түсу емтиханын сәтті тапсырған (50 балл және одан жоғары балға)

магистранттарға таңдаған мамандығы бойынша екінші оқуға түсу емтиханын тапсыруға рұқсат

беріледі.

Магистратураға түсу емтихандарын өткізу кезеңіне ЖОО-да келесі мамандықтар бойынша

емтихан комиссиясы құрылады:

Есеп және аудит

Қаржы

Экономика

Ақпараттық жүйелер

Менеджмент

Маркетинг

Магистратураға оқуға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау —

ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін өткізіледі.

Магистратураға оқуға түсетін тұлғалар университеттің Қабылдау комиссиясына келесі

құжаттарды тапсырады:

  •  Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (қабылдау комиссиясы береді);
  •  Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен;
  •  шет тілі бойынша түсу емтиханынан босататын сертификаттың көшірмесі (бар болса)
  •  кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  •  еңбек кітапшасының көшірмесі (жұмысы бар тұлғалар үшін);
  • 3×4 сантиметр өлшеміндегі алты фотосурет;
  •  086-У нысанындағы медициналық анықтама;;
  •  жеке куәлігінің көшірмесі;;
  •  ғалым хатшымен расталған ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі; копии

авторлық куәліктер, мақтау қағаздары, дипломдар және т.б. көшірмелері (бар болса)

Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін

түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Тегін кеңеске жазылу өтінімі