Магистратура – кәсіби жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі үш сатылы білім жүйесіндегі төмендегідей  мүмкіндік беретін дербес саты:

Магистрлер даярлау ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметтермен қатар жоғары білікті практикалық тәжірибелерді де жүзеге асыруға бағдарланған. Бұл магистратура бағдарламасының бағыттарын анықтайды:

Магистрлік  бағдарлама үш тілде  (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде) жүзеге асырылады

МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Магистратураға құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.

Магистратураға ағылшын тілі сертификаттарымен қабылдау – ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін.

Магистратураға түсуге үміткерлер 2 оқуға түсу емтиханын тапсырады:

  1. Шет тілі
  2. Мамандық бойынша емтихан

Оқуға түскен кезде магистранттың магистратураның тиісті кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттердің тізімін жоғары оқу орны өзі белгілейді.

Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруіне рұқсат беріледі. Бұл жағдайда магистратурада оқу магистрант пререквизиттерді меңгергеннен кейін басталады.

UIB-ге түсу үшін қажетті құжаттар:

  1. Бірінші басшының  атына өтініш;
  2. Жоғары білім туралы құжат қосымшасымен;
  3. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін));
  4. 3×4 сантиметр мөлшеріндегіалтыфотосурет;
  5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  6. жеке куәлігінің көшірмесі;
  7. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

*** Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

**  Үміткер қабылдау комиссиясына шет тілінен оқуға  түсу емтиханынан босатуға мүмкіндік беретін сертификаттың нотариалды куәландырылған  көшірмесін тапсыруға құқылы (бар болса):

Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, NiveauС1/ С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (NiveauС1/ С1 деңгейі);

француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейден төмен емес), Diplomed’Etudes en Langue francaise (DELF, В2 деңгейі), DiplomeApprofondi de Langue francaise (DALF, С1 деңгейі), Test de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл)