Мансап орталығы туралы

Мансап орталығы ЖОО мен еңбек рыногы, яғни жұмыс берушілер арасындағы байланыстың негізгі буыны болып табылады. Жұмыс беруші компаниялармен жүйелі түрде кеңейтілген әріптестік қатынас VIB Мансап орталығының компанияның мүддесін жіті қадағалауға және ЖОО-ның және оның студенттерінің, тыңдаушыларының мүмкіндіктерін де сараптауға көмектеседі. Сондай-ақ бұл университет студенттерінің нақты компанияның жұмыс бағыты жөнінде  білімдерін толықтыруға және университет қабырғасында жүріп-ақ практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Мансап орталығының әріптестік байланысы ынтымақтастық туралы қысқа және ұзақ мерзімдік келісімшарттармен бекітіледі. Ал, мұның өзі студенттерге тәжірибеден өтуге ғана емес, сонымен қатар соңынан экономикалық, техникалық және гуманитарлық әртүрлі салаларда жұмыс істеуге де жол ашады.

Мансап орталығы тәжірибеден өтетін және жұмысқа орналасатын орындарды табуға ықпал ету үшін VIB-дің стратегиялық әріптестік жемісін кеңейту мақсатында үнемі үздіксіз жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезеңде университет жұмыс берушілер базасында әріптес компаниялармен 250 тұрақты іскерлік келісімшарт бар.

Мансап орталығына хабарласқан VIB студентінің әрбірі компания жұмысы туралы қажетті ақпаратты ала алады. Сондай-ақ онда өндірістік диплом алдындағы практикадан да өтуге мүмкіндік мол. Мұның өзі табысты мансап жолындағы алғашқы қадам.

Жүйелі түрде өткізілетін бизнес-кездесулер, мастер-класстар және қонақтар лекциялары VIB мансап орталығы жұмысының құрамдас бір бөлігі болып есептелінеді. Бұл іс-шараларды өткізу кезінде компания жұмысы туралы, кәсіпорындағы бос орындар туралы толық ақпарат көпшілік назарына ұсынылады.

Университеттің компаниялармен оңды қарым-қатынасы нәтижесінде әріптестер және жұмыс берушілер студенттерді ішінара жағдайында (parttime)  жұмыспен қамтуда. Мұнда студенттер өз алдына кедергі келтірмей, практикалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар еңбек өтілін де жинақтайды.

Мұнымен қоса, мамандықты жетік игеру, мансапты іскерлікпен қалыптастыру жөніндегі дайындық тренингтері  – келіссөздер жүргізу, тұсаукесерлер, түйіндемелер дайындау және тағы басқа да іс-шаралар жүргізілуде.

Бұл тренингтер әркімнің өзіне деген жауапкершілігін қалыптастырып қана қоймайды. Сонымен қатар студенттің жұмыс берушінің алдындағы өзінің нақты ұстанымын білдіруге де мүмкіндік береді.

Компаниялармен ынтымақтастықтың келесі бір түрі – бүгінгі күнге дейін жақсы жағынан танылған іс-шара – жыл сайын өткізілетін күзгі және көктемгі Бос орындар жәрмеңкесі. Тәжірибе көрсеткеніндей мұндай кездесулер студенттер мен оқу орны түлектерінің жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатудағы ең тиімді әдісі болып табылады. Бүгінгі күнге дейін мұндай іс-шаралар жылына бір рет өткізілсе, 2007 жылдан бастап жылына екі рет ұйымдастырылуда. Әрбір жәрмеңкеге 350-40-қа жуық компания қатысуда. Атап айтарлығы, әрбір қатысушы компания студенттер мен түлектер туралы толықтай мәлімет алады, соған орай өздеріне қолайлы уақытта әрбір талапкермен сұхбаттаса алады.