Бакалавриатта қандай білім алсаңыз да, Сіз General MBA бағдарламасына түсе аласыз, IELTS, TOEFL сертификаттары қажет емес, өйткені қабылдау емтихандары жоқ.

МВА – бұл жоғары білімі және жұмыс тәжірибесі бар адамдарға бизнес саласында терең білім алып, басқарушы дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін жаңа үлгідегі менеджерлерді даярлайтын бағдарлама. Бағдарлама шетелдің жетекші бизнес мектептеріндегі білім беру стандарттарына негізделеді.

Бағдарлама қатысымдық-кешкі форматта да, қатысымдық –қашықтықтан оқу форматында да жүзеге асырылады.  МВА бағдарламасы өндірістен қол үзбей, 4 мамандық: «Қаржылық менеджмент», «Жалпы» және «Маркетинг менеджмент» және «Жалпы МБА » бойынша оқуға мүмкіндік береді.

 МВА бағдарламасында оқу ұзақтығы:

1,5 жыл+ жарты жыл диссертация жазып, қорғау үшін = барлығы 2 жыл.

 Сабақ кестесі:
18:30 – 21:20,  кофе-брейкке үзіліс 19:30-да
аптасына үш рет (дүйсенбі-бейсенбі)

MBA бағдарламасына қабылдау жылына үш рет жүзеге асырылады. Бағдарламаның басталуы:

  • 1 қараша 2015ж.
  • 1 ақпан 2016ж.
  • 1 мамыр 2016ж.

General  MBA бағдарламасын тәмамдағаннан кейін ҚР мемлекеттік үлгідегі дипломы,  Іскери әкімшілік магистрі + шетелдік академиялық дәрежесі беріледі.

Мамандықтар

  • МBA «Қаржылық менеджмент»

    Оқу тілі: орыс
    Мақсатты топ: инвестициялық және қаржылық менеджментті тереңдетіп оқытумен қаржы басшыларын кешенді даярлау.

    Бағдарламаның мүмкіндіктері:

    • Қаржы менеджменті саласында білім негіздерін беру;
    • тыңдаушыларды толыққанды және тиімді басқару шешімдерін қабылдауға үйрету;
    • компаниялар мен олардың бөлімшелерінің қызметінің ерекшеліктерін зерттеу;
    • компания қызметінің  тетіктері жөнінде тұтас мағлұмат қалыптастыру

    Бағдарламаның міндеттері– басқару шешімдерін қаржылық негіздеудің және дайындаудың алгоритмдерін үйрену, олардың ішінде:

    •  кешенді және қаржылық диагностика
    • Сценарлы талдау мен инвестициялық жобалау
    • Стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеу
    • Тәуекелдерді басқару және нақты опциондар
    • стратегиялық баламаларды дайындау және бағалау
    • ұжымдық, жобалық жәневенчурлік қаржыландыру

    Міндетті пәндер:

    • Ұйымның мінез-құлқы;
    • Менеджерлерге арналған қаржылық және бухгалтерлік есеп ;
    • Жобаларды  басқару ;
    • Бизнес-зерттеу ;
    • Ұжымдық қаржы;
    • Маркетингті басқару;
    • Жаһанданған әлемдегі заманауи менеджмент;
    • басқару шешімдері;
    • Стратегиялық менеджмент;
    • Іскери әдеп және тұрақты даму;
    • Көшпелі модуль/шетелдік тағлымдама (1-ші  не 2-ші жылы);
    • Инновациялық менеджмент;
    • Бизнестегі көшбасшылық;

  • MBA «Маркетинг Менеджмент»

    Оқу тілі: орыс
    Мақсатты топ:  маркетинг пен сатулар бойынша директор бола алатын, өз қызметімен компанияның тұрақты бәсекеге қабілеттілігін және табысын қамтамасыз ете алатын менеджерлер даярлау.

    Бағдарламаның мүмкіндіктері:

    • Бөлім не тұтас кәсіпорынды басқарғанда кешенді әдістемеге үйрету қазіргі бәсекелестік ортасында  нәтижелі жұмыс атқаруға көмектеседі
    • Табысты маркетинг саясатын жүргізу технологиялары саласында іргелі булум алу.

    «Маркетинг»  мамандығы жеке маркетингпен немесе жеке сатулармен айналысатын немесе ірі бөлімшелерде осы екі қызметті ұштастыратын,  жеке дағдылары мен біліктерін жүйелендіруді қажет ететін коммерциялық бөлімшелердің басшыларына арналған.

    Міндетті пәндер:

    • Ұйымның мінез-құлқы;
    • Менеджерлерге арналған қаржылық және бухгалтерлік есеп ;
    • Жобаларды  басқару ;
    • Бизнес-зерттеу ;
    • Ұжымдық қаржы;
    • Маркетингті басқару;
    • Жаһанданған әлемдегі заманауи менеджмент;
    • басқару шешімдері;
    • Стратегиялық менеджмент;
    • Іскери әдеп және тұрақты даму;
    • Көшпелі модуль/шетелдік тағлымдама (1-ші  не 2-ші жылы);
    • Инновациялық менеджмент;
    • Бизнестегі көшбасшылық;

  • МBA «Менеджмент»

    Оқу тілі: орыс
    Мақсатты топ:  Кәсіпорынның барлық құрылымы бойынша стратегияның жүзеге асуына жауапты  орта буын басшылары.

    Бағдарламаның мүмкіндіктері:

    • Бөлім не тұтас кәсіпорынды басқарғанда кешенді әдістемеге үйрету қазіргі бәсекелестік ортасында  нәтижелі жұмыс атқаруға көмектеседі
    • Кәсіпорынның бүкіл құрылымы бойынша жоғарыдан төмен стратегияны енгізіп, жүзеге асыруды бақылау құралдарын зерттеу тек жоғары буын басшыларына ғана емес, қатардағы қызметкерлерге KPI-дің мәнін, оның қабылданған стратегияның жүзеге асырылуымен байланысын  түсінуге көмектеседі. Ал бұл  – алға қойылған ұзақмерзімді мақсаттарға қол жеткізудің кілті.

    Міндетті пәндер:

    • Ұйымның мінез-құлқы;
    • Менеджерлерге арналған қаржылық және бухгалтерлік есеп ;
    • Жобаларды  басқару ;
    • Бизнес-зерттеу ;
    • Ұжымдық қаржы;
    • Маркетингті басқару;
    • Жаһанданған әлемдегі заманауи менеджмент;
    • басқару шешімдері;
    • Стратегиялық менеджмент;
    • Іскери әдеп және тұрақты даму;
    • Көшпелі модуль/шетелдік тағлымдама (1-ші  не 2-ші жылы);
    • Инновациялық менеджмент;
    • Бизнестегі көшбасшылық;

  • МBA «Жалпы»

    Оқу тілі: орыс
    Мақсатты топ: базалық экономикалық білім жоқ, бірақ нарықта жетекші орындарды алып, өз компаниясының мүмкіндіктерін едәуір кеңеңйткісі келетін  кәсіпкерлерге Түлектер нарықтың кез келген сегментінде кез келген басқару қызметінде жұмыс істей алады

    Бағдарламаның мүмкіндіктері:

    • Менеджмент саласында білім негіздерін беру;
    • тыңдаушыларды толыққанды және тиімді басқару шешімдерін қабылдауға үйрету;
    • компаниялар мен олардың бөлімшелерінің қызметінің ерекшеліктерін зерттеу;
    • компания қызметінің  тетіктері жөнінде тұтас мағлұмат қалыптастыру.

    Міндетті пәндер:

    • Ұйымның мінез-құлқы;
    • Менеджерлерге арналған қаржылық және бухгалтерлік есеп ;
    • Жобаларды  басқару ;
    • Бизнес-зерттеу ;
    • Ұжымдық қаржы;
    • Маркетингті басқару;
    • Жаһанданған әлемдегі заманауи менеджмент;
    • басқару шешімдері;
    • Стратегиялық менеджмент;
    • Іскери әдеп және тұрақты даму;
    • Көшпелі модуль/шетелдік тағлымдама (1-ші  не 2-ші жылы);
    • Инновациялық менеджмент;
    • Бизнестегі көшбасшылық;

MBA бағдарламасына түсу талаптары

Құжаттарды қабылдау мерзімдері:

  • 2 мамыр – 31 қазан. Сабақтың басталуы 1 қараша 2015ж.
  • 2 қараша – 31 қаңтар. Сабақтың басталуы 1 ақпан 2016ж.
  • 2 ақпан – 30 сәуір. Сабақтың басталуы 1 мая 2016г.

MBA бағдарламасына түсу талаптары:          

  • Міндетті түрде жоғары білімінің болуы;
  • Еңбек өтілі кемінде  – 2 жыл;
  • сұхбаттасу;

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

  • жоғары білім туралы дипломның қосымшасымен көшірмесі (нотариалды куәландыру қажет);
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс орнынан жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
  • ұсынымхат (соңғы бір жылдық мерзім ішінде жазылған болуы тиіс);
  • 2 фото 3х4
  • флюорография түсірілімі
  • №086 анықтама

*** Құжаттардың көшірмелерімен қоса Қабылдау комиссиясына салыстыру үшін түпнұсқалар тапбыс етіледі. Тексерілгеннен кейін түпнұсқалар үміткерлерге қайтарылады.