ПОҚ ғылыми жұмысы

Университеттің профессорлар-оқытушылар құрамының ғылыми жұмысы ғылыми зерттеу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Оның негізгі бағыттары:
• ғылыми жобаларға, зерттеулерге қатысу;
• оқу-методикалық және ғылыми еңбектерді, оқулықтарды шығару;
• монографиялар мен ғылыми мақалаларды бастыру;
• ғылыми-теориялық және практикалық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысу;
• баяндамалар және тақырыптары актуалды ғылыми  конференциялар тұсаукесерін, зерттеулер мен жобалар дайындау;
• студенттер, магистранттар, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ оқушылардың дипломдық жобаларымен және диссертациялық еңбектерімен жұмыс.

Жаңа кезең жағдайындағы порфессорлар-оқытушылар құрамының (ПОҚ) ғылыми жұмысы интеграция мен дамуға жауап береді. Университет  оқытушылары алыс және жақын шетелдердегі ғылыми-теориялық және практикалық конференцияларға қатысуда . Олардың ғылыми еңбектері республикалық ғана емес , халықаралық деңгейдегі басылымдарда жариялануда. Сонымен қатар ХБА оқытушылары халықаралық тәжірибе алмасу, ғылыми тәжірибе бөлісу мақсатында шетелдерде бірнеше рет болды.