«Қаржы және несие» кафедрасы

тусеева
Түсеева Ирина Хусаинқызы

Э.ғ.к., доцент, «Қаржы және кредит» кафедрасының меңгерушісі.
Жұмыс тәжірибесі:
Алматы қ.бойынша Салық комитеті, « Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» ЖШС Алматылық филиалының Директоры, «Алматы қ. Аймақтық Қаржы орталығы академиясы» АҚ бизнес- жаттықтырушысы, ҚР аудиторлық компанияларында: «SOFT-LINK»ЖШС, ТОО «FINEX» ЖШС, ТОО «SOUL SISTER EXPERT» ЖШС, ТОО «САПА_АУДИТ» ЖШС – салық салу жөнінде кеңесші.
ҚР ҒжБМ гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларға қатысушы

Біліктілікті көтеруі:
Vantageteam Builder ортасында «Ақпараттық жүйелерді жобалау мен дайындау» бағыты бойынша Authorised Training Center Data X/FLORIN авторландырылған Оқу ортылығында . (Москва қ.);
International Center of Education «EDTECH-KZ» , «IMPACT FACTOR: citation analysis and its role in the scientific world» бағыты бойынша;
Master Training «Белсенді нарықтарда өз бетімен инвестициялау»;
«Университеттік білім беру әдістемесіндегі  инновациялық технологиялар: Біліктер мен дағдылар» 72 академиялық сағат көлемінде
Т. Рысқұлов атындағы ЭУ Білім беруді дамыту институты «Бухгалтерлік есеп және қаржы» бағыты бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша, НКАОКО  ұлттық сарапшысы куәлігінің иегері.

кадерова
Кадерова Наталья Николаевна

э.ғ. к., профессор. Нақты сала бойынша есепші/экономист ретінде тәжірибесі бар, нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі жобаларға қатысқан, Дүниежүзілік банктің Ирригация мен дренажды жақсарту жөніндегі қазақстандық жобасына қатысушы.
«Agricultural Competitiveness Project – Training of Teacher and Specialists in Germany» жобасы бойынша біліктілігін көтерген (Университет — Хойенхайм, Штутгарт (Германия)), сондай-ақ ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерінің маркетингі  саласындағы ғылыми-педагогикалық алмасу бағдарламасына қатысушы, АҚШ, Ауыл шаруашылық министрлігі (ағылшын тілінде оқыған). Дүниежүзілік банктің «Ауылшарууашылық жобаларының талдамасы» курсы, Вашингтон (АҚШ)

смагулова
Смағұлова Райхан Ораққызы 

«Қаржы нарқы» (2001ж.), «Қаржы, ақша айналысы және несие» (2008 ж.) оқулықтарының авторы, «Қаржы» оқулығын бірлескен авторлықпен жазған (2014 ж.). АҚШ, Бельгия, Голландия, Оңтүстік Кореяда біліктілігін көтергені туралы сертификаттары бар. Ыбырай Алтынсарин атындағы Құрмет белгісімен  (ҚР БжҒМ) марапатталған.

4
Мажиров Айбар 

Іс жүзінде қаржыгер қызметін атқаратын маман. Халықаралық “Citigroup Holding – Citibank Kazakhstan”. Халықаралық сауда операциялары бөлімі. Халықаралық «Болашак» президент стипендиясының түлегі,  “Royal Holloway University of London”, Ұлыбританияда магистр дәрежесін алған. Халықаралық бизнес университетінде «Қаржы» мамандығын үздік белгімен бітіріп, бакалавр атағын алған және  Лондонда, Брунель университетінде “Advanced Business and Economic English Course”  курсынан өткен. Астана экономикалық форумында белсенділік танытқаны үшін Сертификатпен марапатталған.

5
Кредина Анна Александровна

«Қаржы және кредит» кафедрасының аға мұғалімі, «Бағалау» мамандығы бойынша ғылымдар магистрі. 6 жылдан астам ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі бар.«UIB-дің келешегі бар бағалаушылар клубының» жетекшісі, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің хатшысы, ХБУ ПОҚ біліктілігін арттыру бойынша семинарларын, дөңгелек үстелдерін белсенді ұйымдастырушы, Certificate of participation in Science Direct and Scopus Training at “University of International Business” (held on 14.01.2015) және  «ИМПАКТ-ФАКТОР: цитатаны талдау және оның ғылым әлеміндегі рөлі», (7-8.05.2014., семинарына қатысушы сертификаттарының иегері, ұйымдастырушысы – «EDTECH-KZ”ХБО ЖШС). Халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектерінің саны бестен асады.

Торғаутова Балғын Әмірбекқызы

халықаралық кедендік құқық, ҚР, РФ, БР арасындағы кедендік одақ, сыртқы экономикалық қызмет салаларында білімді. Қаржылық құқық, инвестициялар, кірігу үдерістері, кірігу мен жаһанданудың инвестициялық тартымдылыққа әсері, кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын-алу және онымен күрес саласындақұзіретті.
Біліктілікті көтеруі
«Мінсіз конституцияны іздестіру: Польша мен Қазақстанның негізгі заңдарынсалыстырмалы талдау», құқық докторы Марека Хмай.
«Ұтқыр криминалистика технологиялары: ұтқыр құралдарды пайдалану үшін қазіргі it-құралдарды қолдану» (MICRO SYSTEMATION AB (Швеция) аймақтық директоры Арне Александерссонның семинар –тренингі)

утеев
Утеев Бақытнұр Жұмашұлы

PhD докторы.  Ғылыми қызығушылық салалары:
Қор нарығы, қор биржасы, құнды қағаздар нарығы.
Іс
тәжірибесі: АМТЭК колледжі,  «Қайнар» университеті ; Халықаралық бизнес университеті (UIB)
оқытушы
Тренингтер, тағлымдамалар, шетелде оқуы

  1. Certificate : «Successfully completed the program, Stock Exchange Development» organized by the University of Pecs
  2. Certificate: «Impact factor citation analiysis and its role in the scientific world» Almaty, 7-8 may 2014.
  3. Certificate: «Problems and perspectives international conference» Las Vegas, NV, April 15, 2013.
азамат рашидович
Тоқтабаев Азамат Рашидұлы 

Практик-есепші. Біліктілікті көтеруі жөнінде 20-дан астам сертификаты бар,  Ресейде, Жапонияда (Саппороқ. CERTiFiCATEhassuccessfullycompletedaAccountingandAudit 45 hourineducationattheAlemInternationalCo., Ltd, Sapporo, Hokkaido, Japan) тағлымдамадан өткен. ҚР БжҒМ гранттық қаржыланатын ғылыми жобаларына қатысушы. «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының доценті.

бахыт
Бақыт Ерік Бақытұлы

PhD докторы
Практикалық іс-тәжірибесі:
БТА банкі жеке операцияларын сүйемелдеу блогы(БСРО)
“Қазақстан Темір Жолы” АҚ Бухгалтерия бөлімі.
Бизнесжәне  Экономика факультеті негізінде АҚШ-та Montana State University-де тағлымдамадан өткен.
«Инновациялар және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру дамуының жаңа векторлары» ТМД елдері жас ғалымдарының Халықаралық форумына қатысушы сертификаты.
«Білім-Бизнес-Инновациялар»сертификаты
Жас ғалымдар мен озық бизнесмендердің ЖОО-аралық ғылыми-практикалық конференциясы.
«Университеттіік білім әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: құзіреттер мен дағдылар» сертификаты(72 сағ. көлемінде).

«Ақпараттық технологиялар және маркетинг» кафедрасы

джумагалиева
Жұмағалиева Мадина Бижанқызы

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, математика саласындамаманданған, қатты дененің перманентті айналуын тұрақтандыру саласында маман. 4 электронды оқулық, отандық және шетел басылымдарында жарық көрген 60-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы.

Giftshop-1-49
Пак Элла Юрьевна

Master of science, «Up Consulting» компаниясының серіктесі, маркетинг талдаушысы, маркетингтікзерттеулер саласында бизнес-кеңесші, жаңа өнімді дайындауда сараптамашы (талдау және маркетингілік сараптама). «Бизнес жүргізу практикасы»авторлық курсының авторы.

Сәуле Беркімбаева

Физика-математика ғылымдарының кандидаты,доцент, қолданбалы математика саласында маманданған, басқаруды автоматтандыру  саласында маман. Жобалық жұмыстары: «Тұрақтылық және уақыттың соңғы кесіндісіндегі өлшемдері үлестірілген жүйелерді басқару», «Аудит және ақпараттық қауіпсіздікті басқару үшін зиятты жүйелерді дайындау». Монография, отандық және шетелдік басылымдардағы  50-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы.

 

дулатбекова
Дулатбекова Назым Сатбекқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, маркетинг  пен PR саласында маман.  Монография, отандық және шетелдік басылымдардағы  10-нан  астам ғылыми еңбектің авторы. Маркетингсаласында аса тәжірибелі: қызмет көрсетудің түрлі саласында (фитнес индустриясында, киноиндустрияда, шоу бизнесте, жеке саудада) маркетинг және PR департаменттерін басқарды.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Giftshop-1-9
Бибатырова Ізтілеу Айдарханқызы

«Саяси экономия» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты,  «Еуразия»Халықаралық экономикалық Академиясының мүше-корреспонденті, ХБУ профессоры. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 50 жылға жуық. Жалпы көлемі 54,2 б.т. 56 ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде іргелі оқу пәндері: экономикалық теория, макроэкономика, мемлекеттік реттеу бойынша орыс және қазақ тілдеріндегі 5 оқу құралы бар.

2008 ж. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» оқу құралы шықты. Мемлекеттік марапаттаулары да бар: Еңбек ардагерінің медалі (1998 ), «ҚР халық білімінің үздігі» (1994 ), ҚРБжҒМ Құрметті грамотасы (1990). Жоғары білікті, еңбекқор педагог. Студенттер мен оқытушылар арасында беделді.

 

17
Габдуллин Ренат Булатұлы

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР дарынды жас ғалымдарына берілетін мемлекеттік стипендияның лауреаты, Экономист ғалымдардың Еуразиялық клубының мүшесі. Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті  Қорының ғылым мен техника саласындағы премиясының иегері. Бірнеше монографияның авторы, жетекші жоғары рейтингті басылымдарда жарияланған 70-тен астам ғылыми еңбегі бар.

аннакулиева
Аннакулиева Гүлнар Атайқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты, CESS — Central Eurasian Studies Society, Harvard University Халықаралық Академиясының мүшесі, ғылыми  өтілі 40 жылдан астам.150-ден астам ғылыми мақаласы, ғылыми есебі бар, 3-томды ұжымдық  монографияның авторы. ҚР -түрікмен диаспорасының жетекшісі. 2011 ж. II дәрежелі «Достық»орденімен марапатталған. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдық мерейтойы қарсаңында  «Бірлік»  алтын медалімен марапатталған. Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі.  Алматы қ. әкімдігі ғылыми сараптама тобының мүшесі.  ҚР Президенті алғыс хатына ие.

Әзімбекова Айгерім Қанатқызы

«Менеджмент»мамандығы бойынша философия докторы (PhD), ҚРБжҒМ БҒСБК, Скопус журналдарында басылымдары бар. «Аймақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалықдамуы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі өсуінің шарты ретінде» ғылыми жобасының мүшесі.20 ғылымимақала авторы.

шишкина екатерина
Шишкина Екатерина Ивановна

ІӘМ дәрежесі бар, «ADAM DECOLIGHTCA» компаниясының қаржылық директоры, сондай-ақ  «Каз Гипро НефтеТранс» инжиниринг компаниясында қаржылық басшы ретінде жұмыс тәжірибесі бар. «НЕФТЕГАЗСТРОЙ» холдинг бірлестігінде жобалық жұмыстарды басқару тәжірибесі бар. Тренингтік тәжірибесі бар: «EnglishBusinessCorrespondence» LondonChamberofCommerceandIndustryCourse, ИСО 9001:2000 стандарттары бойынша компания басшыларына арналған курстар, “ Project Expert  аналитикалық жүйесін қаржылық жоспарларды және инвестициялық жобаларды дайындау үшін пайдалану» курсы. Осымен қоса «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.

Жалелева София Зайнулқызы

«Менеджмент»мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Қазақстанда«ҚР инновациялық индустриаландырылуын стратегиялық басқарудың факторлы-мақсаттық үлгісі», «Қазақстан ұлттық экономикасының кәсіпкерлік қорын басқарудың үлгісі» ҒЗЖ орындаушы.  ҚРБҒМ ҒК РМҚК Экономика институтының жетекші экономисі.

 

«Журналистика және халықаралық қатынастар» кафедрасы

бижигитова
Бижігітова Қарлығаш Сабырқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты, «Журналистика және халықаралық атынастар» кафедрасын меңгеруші.
Екі рет -OSI (HESP): Ашық қоғам Институтының қолдауымен «Орталық Азиядағы зерттеу бастамалары» бағдарламасын орындауға CARI – (Central Asia Research Initiative) ғылыми грантын ұтып алды (2003-2005 жж.); (2009-2012 жж.).Тарих ғылымының өзекті мәселелеріне байланысты көптеген Халықаралық Жазғы мектептер мен семинарларға қатысушы. Ағылшын тілінде «Қазақстанда жол сілтеуші. Сенім жерлері – тарих жерлері» кітабын жазып шығаруға итальян және отандық ғалымдармен бірлесе қатысты. («Guide to Kazakhstan. Sites of Faith – Sites of History») Umberto Allemandi & C., Turin, Italy. Оның тұсаукесері Астанада 2011 ж. 28 қарашада  Назарбаев Университетінде Қазақстанмен Италия арасындағы ғылыми-мәдени әріптестік шеңберінде өтті. Қазақ тіліндегі «Қазақстан тарихы» электронды оқулығының, «Жаңа кезеңдегі Қазақхандығы» оқу құралының (РОӘК грифімен) авторы.

ержанова
Ержанова Айымкүл Ембергенқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, ҚР ПҒА корреспондент-мүшесі, UIB профессоры, Жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы Грамотасымен, «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» медалімен марапатталған, «ХБУ үздік оқытушысы -2008», 2007, 2008 жж.Халықаралық Еуразиялық Медиа – Форумына, 2006, 2007, 2008 жж. Халықаралық PR – Форумына, ҚР бірінші Медиа-құрылтайына қатысушы. Еуразиялық Медиа – Форумында, ҚР бірінші Медиа-құрылтайында алғыс хаттар алған.
Профессор А.Е. Ержанова UIB-де оның негізі қаланған мезгілден бері істейді. 50 басылым авторы. Бірқатар оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқулықтар басып шығарған. ЛМУ-де ғылыми тағлымдамадан өткен, осы университеттің әлеуметтік зерттеулеріне қатысты. Ресейде  (1998 ж.), Канадада  (2007 ж), АҚШ-та (2009 ж.),  кредиттік технология  бойынша бірқатар тренингтер, шеберлік сыныптарынан тті. 10–нан астам халықаралық  сертификаттары бар. А.Е.Ержанова Әлеуметтанушылар  Ассоциациясының мүшесі, Жануарларды қорғау жөніндегі қалалық кеңестің мүшесі. Білім мен ғылым саласындағы көрнекі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған. (2001 г.)

Giftshop-1-22
Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық білім академиясының академигі, Киров ат. ҚазМУ-дың тарих  факультетін бітірген (1971г.), әл Фараби ат. ҚазҰУ-де, Абай ат. АМУ-де, Гумилев ат. ЕҰУ-де, ҚБТУ-де жұмыс істеген.  2012 ж.бастап  «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының (қазір «Журналистика және ХҚ» кафедрасы) профессоры, «Қазақстан тарихы», «Саясаттану», «Халықаралыққатынастардың жаңа, жаңашыл кезеңдегі тарихы», «Мамандыққа кіріспе», «Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесі», «Қазіргіхалықаралық тартыстар», «Әлемдік саяси үдеріс», «Шет елдердің қазіргісыртқы саясаты» тақырыптарында дәрістер курсын оқиды. «Қазақстанказактарының тарихы» (1994ж.), «Белгілі және белгісіз Күшімхан Хан» (1996ж.), «Қазақстанды патшалық Ресейдің жаулап алуы » (2000ж), «Жетісу казак әскерлерінің тарихы» (2011ж.), «Басқа Американы, Қытайды, Ресейді,Қазақстанды ашу» (2011ж.), «Қазіргіжаһандық әлемдегі Қытай» (2013 ж.), «Дүниежүзілік тарихнама ағынындағы Қазақстан тарихы» (2015 ж.) кітаптарының авторы.

тажина
Тажина Ғайния Оразбекқызы

ЖжХҚ кафедрасының доценті, б.ғ.к., биологиядан PhD докторы. Ағылшын және орыс тілдерінде әлеуметтік-психологиялық циклдар курсын оқытады, АҚШ, Нью-Йорк,  Колумбия университетінің профессорымен бірлесе бастамашыл ғылыми-зерттеу жобасын жүргізеді, аталған оқу орнында Faculty Development Fellowship бағдарламасының грантының негізінде 2009 – 2012 жж.тағлымдамадан өтті. Зерттеу нәтижелерін Thomson Reuters, Scopus жоғары индексті халықаралық басылымдарда ағылшын тілінде үнемі жариялап тұрады. Жоғары білім, психологиялық практика, және кеңес беру саласындағы  халықаралықұйымдардың сан рет грантын жеңіп алған: 2008 – Academic Writing, Университет Билги, Стамбул, Түркия; 2006 – English for HE Teaching, ағылшын-американқоры, Алматы; 2004 – Psychology for Counseling, Израиль, Хайфа; 2003 – Employee Assistance Program, Healthy Workplace.

27
Зайцева Ирина Александровна

Т.ғ.к., (ММУ-де 01.1986. қорғаған, диплом ИТ № 010 675 27.08.1986 ж.), ЖАК доценті  (ДЦ № 047 397 — 29.01.92). 2012 ж. бастап ҚР ПҒА корреспондент-мүшесі,  2000 — 2006 жж. Л.Р Заурбековамен,  Ш.А. Ибжаровамен бірлескен  авторлықта «Қазақ халқының рухани мұрасы»,  «Әлемдік мәдениет тарихы» арнайы курстары бойынша орыс және қазақ тілдерінде типтік оқу бағдарламаларын, Қазақстан тарихы мен мәдениеттануы бойынша оқу құралдарын шығарды. UIB барлық мамандық студенттеріне арналған «Қазақстан тарихы» электронды оқулығын (2008) және UIB дайындық бөліміне Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ-ға әзірлік электронды оқу құралын дайындады (Л.П. Шмойловамен бірлескен  авторлықта)(2009). «Еуразия» қорының қолдауымен аналитикалық қызметтің жаңа технологиялары бойынша тренингтерге (2003), UIB-де доктор К.Папроктың «Білім бағдарламаларын дайындау» семинарына (2005), UIB-де қашықтықтан оқыту және мақсатқа тиімді жету семинарына қатысты. ҚазҰАУ оқытушылары үшін әдістемелік семинарда интерактивті технологиялар бойынша сабақтар жүргізді (2007).  2010-2011 жж. Балтық тренинг орталығынан «ЖОО-да интерактивті оқыту» тренингтерінен өтті (Санкт-Петербург — Алматы). 2013-2015 жж. – ЖОО оқытушылары үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамыту ПАХЧ семинар-тренингтерінен өтті.  Басылымы – 51, соның ішінде мақаласы– 42 (оның ішіндехалықаралықконференцияларда — 11), типтік бағдарлама– 2, оқу-әдістемелік құрал– 3, электронды оқулық — 2. И.А. Зайцева басшылығымен UIB студенттері жыл сайын «Ломоносов» ММУ Халықаралық конференциясына , ХҚММИ БҰҰ Халықаралық үлгісіне қатысады. 2012 ж. бастап И.А.Зайцева Enactus UIB командасының академиялық эдвайзері. И.А.Зайцева ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына байланысты Алматы қ. Медеу әкімдігінің Грамотасымен, ҚР ПҒА Құрмет  Грамотасымен РК (2014), Алматы қ. Медеу әкімдігінің Құрмет Грамотасымен (2015) марапатталған.

Giftshop-1-57
 Барысова Лаура Сабыржанқызы

UIB университетінің «Журналистика және Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы. Журналистика, әлеуметтану, PR пәндерінің оқытушысы.  Теледидар журналисі (теледидарда жұмыс тәжірибесі бар) және әлеуметтану  магистрі. «2008 ж. үздік тәлімгері», «2009 ж. үздік тәлімгері», «2010 ж.үздік жас ғалымы», «2010 ж.үздік оқытушысы», «Студенттік PR-жобаларының үздік ғылыми жетекшісі» атақтарын жеңіп алған.  «Журналистика» мамандығы бойынша жауапты. Шеберлік сыныптарының жетекшісі.  Студенттік PR-жобаларының ғылыми жетекшісі.  (Сиреневый прорыв, Алматы- студенттер қаласы, «PR және Алматыдағы жарнама» және т.б.). Телестудиядағы және «UIB толқыны» әлеуметтік зерттеу орталығындағы студенттік жұмыстардың ғылыми жетекшісі. Отандық PR-мамандары клубының мүшесі. «Ақмерген» байқауы сараптамалық кеңесінің мүшесі, ҚР НАСО қоғамдастықпен байланыс саласындағы қазақстандық сыйақы иегері. «Қазіргі Қазақстанда PR білімді дамыту және жылжыту» қолданбалы ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі. «PR және бизнестегі масс-медиа» жинағында бірлескен  авторлықта оқу құралының «Коммерциялық емес ұйымдардағы қазіргі басылым қызметі»тарауын дайындаған.«Журналистика» мамандығы студенттері үшін «Қазіргі басылым қызметі» оқу құралын басып шығарды. «Тележурналистика» және «Қазіргі  басылым қызметі» пәндері бойынша 2 электронды оқулықшығарды. 30-ға жуық  ғылыми мақала авторы.  Жыл сайын білім, журналистика, әлеуметтану және PR салаларындағы түрлі аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға, семинарларға,  тренингтерге қатысады.