Профессорлар / оқытушылар

ЖШС «Халықаралық Бизнес Университеті» Сізді «Егемен Қазақстан» газетінің жақын арадағы шығарылымында келесі мазмұндағы хабарландыруды жариялауыңызды өтінеді:
Халықаралық бизнес университеті (бұдан әрі – UIB) оқу бағдарламар бойынша Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Австриялық агенттігімен аккредитацияланған. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредитациясынан жоғары баға алып өткен. Сондай-ақ, ҚР аккредитациялау және рейтинг бойынша тәуелсіз қазақстан агенттігінің рейтінгінде 3 жыл бойы ең үздік үштіктің қатарында келе жатыр.
2020 жылы UIB жаңа дәрежелерге жетуге, білім беру бағдарламаларының кеңейтілген халықаралық байланыстарын орнатуға, жаңа халықаралық аккредитацияларды алуды жалғастыруға, ғылыми және зерттеу жұмыстары бойынша жетекші орындарға жетуге бағдарлы өршіл стратегияны жүзеге асыруға мақсат алған.
UIB 2020-2021 оқу жылына төмендегі профессорлық-кәсіби лауазымдық құрамының (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) бос орындарына конкурс жариялайды:
1. Профессор
Техника ғылымдарының докторы (Информатика, Есептеу техникасы және басқару);
Экономика ғылымдарының докторы (Экономика, Менеджмент, Маркетинг, Қаржы, Бухгалтерлік есеп, Статистика); Филология ғылымдарының докторы (Журналистика);
Саясаттану ғылымдарының докторы (Халықаралық қатынастар; Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы); Заң ғылымдарының кандидаты (Заң ғылымдары).
2. Доктор PhD
Келесі саладағы PhD докторлары: Есеп және аудит; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Туризм; Халықаралық құқық; Логистика (салалар бойынша); Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі;
Қойылатын біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым докторы дәрежесінің болуы, профессор ғылыми атағы болуы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі өтілі кем дегенде 5 жыл болуы қажет.
3. Доцент
Физика-математика ғылымдарының кандидаты (Математика, Физика);
Техникалық ғылымдар кандидаты (Информатика, Есептеу техникасы және басқару, Көлік);
Экономика ғылымдарының кандидаты (Экономика, Менеджмент, Маркетинг, Туризм, Қаржы, Бухгалтерлік есеп, Статистика); Тарих ғылымдарының кандидаты (Халықаралық қатынастар); Психология ғылымдарының кандидаты (Психологиялық ғылымдар); Заң ғылымдарының кандидаты (Заң ғылымдары); Филология ғылымдарының кандидаты (Орыс тілі, Ағылшын тілі);
Педагогика ғылымдарының кандидаты (Педагогика);
Қойылатын біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты немесе Ph.D. докторы дәрежесінің болуы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі өтілі кем дегенде 5 жыл болуы қажет.
4. Аға оқытушы
Келесі саладағы магистірлер: Журналистика; Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі; Логистика (салалар бойынша); Туризм; Шетел филологиясы (Ағылшын тілі), Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті.
Қойылатын біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық магистр дәрежесі болуы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі өтілі кем дегенде 3 жыл болуы қажет.
Шарттары: ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес рәсімдеу; Штаттағы оқытушыларының еңбекақысы толық бір жүктемеге сәйкес: оқытушы-140 000тг-ден бастап, аға оқытушы-150 000тг-ден бастап, доцент-180 000тг-ден бастап, профессор-220 000тг-ден бастап;
Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру мерзімі – БАҚ –на хабарландыру жазылған күннен бастап бір ай.
Конкурсқа қатысу үшін kkk.uib.kz сайтында тіркелу қажет.
Қосымша ақпараттар алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады: Алматы қ., Абай даңғылы 8а, тел. +77272598009,2596445, e-mail: hr.info@uib.kz.