Халықаралық қатынастар

Мамандық коды: 5B020200
ҰБТ-ға таңдалатын пәндер: тарих және шет тілі (ағылшын/неміс/француз)
Оқу тілдері: орыс, қазақ, ағылшын.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР мамандығы бойынша UIB бітірушілері халықаралық құқық, әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар саласында білім алған жоғары білікті мамандар. Олар кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметтерін ұйымдастырудың, іскерлік келіссөздер жүргізудің алғышарттарын меңгерген, кем дегенде бір шет  тілін жетік біледі.

Бұл мамандық бойынша бітірушілер төмендегідей жұмыстар істей алады:

  • референттер;
  • сарапшылар;
  • халықаралық қатынастар саласының кеңесшілері;
  • сыртқы саясат шолушылары;
  • аудармашылар және т.б.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:

  • Қазақстан Республикасының ішкі саяси және сыртқы экономикалық мемлекеттік басқару органдарында
  • Сыртқы экономикалық және мәдени байланыстағы ұлтаралық корпорацияларда;
  • Ұлттық компаниялар мен ұлттық мәдени орталықтардың шетелдердегі өкілеттіктерінде, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және іскерлік келісімдер жүргізуде;
  • ақпараттық сараптама және ғылыми зерттеу орталықтарында, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарда.

«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері мынадай білім алады:

  • халықаралық қатынастар жүйесі дамуының кезеңдері және олардың қазіргі проблемалары;
  • Қазақстан сыртқы саясаты тарихының негізгі кезеңдері;
  • мәдениеттің аймақтық және тарихи типтері, өзара тәуелділік, жаһандану жағдайында мемлекеттердің өзара әрекет ерекшеліктері;
  • тарихи геосаяси ойдың мектептері мен бағыттары;
  • дипломатиялық хаттама мен этикет негіздері.

«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері мынадай дағдыларға ие болады:

  • сыртқы саяси ақпаратты жинау, өңдеу, талдау;
  • тұлғааралық қатысым, ұжымдық жұмыс, қоғамдық қатынастарды реттейтін этика және құқық нормаларын білу, оларды кәсіби іс-әрекетте қолдану;
  • басқарушылық шешімдер қабылдау;
  • мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатысым тілін, бір шет тілін жетік білу; халықаралық қатынастар және конфликтология саласындағы қазіргі зерттеулер;
  • маманданған елдің тілін (шет тілін) іс жүзінде білу.