Қаржы

Мамандық коды: 5B050900
ҰБТ-да таңдалатын пән: география
Оқу тілдері: орыс, қазақ , ағылшын.

ҚАРЖЫ мамандығы – бұл банк ісі мен сақтандыру, қаржы айналымы, мемлекеттік және жергілікті қаржы бойынша, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салымдары бойынша, қаржы менеджменті бойынша  білім кешені.

Бұл мамандық бойынша бітірушілер төмендегідей жұмыстар істей алады:

  • қаржы және салық менеджерлері  немесе талдаушылар;
  • тәуекел менеджерлері;
  • делдалдар мен дилерлер;
  • инвестиция және несие бойынша менеджерлер;
  • сақтандыру агенттері;
  • банк қызметкерлері,  есепшілер және кассирлер;
  • экономистердің көмекшілері.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:

  • банктер мен биржалар;
  • бағалау, лизинг және сақтандыру компаниялары;
  • инвестиция  және зейнетақы қорлары;
  • аудиторлық және консалтингтік компаниялар;
  • кәсіпорындардың қаржы бөлімдері;
  • әкімшіліктер мен қазынашылықтардың қаржы бөлімдері;
  • кеден органдары; салық инспекциялары;
  • рейтинг агенттіктері;
  • жеке бизнес.

«Қаржы» мамандығының студенттері мынадай білім алады:

  • ҚР Конституциясының негіздері, Қазақстан Республикасында және халықаралық қатынастарда шаруашылық үдерістерді реттейтін заңгерлік нормалар;
  • нақты субъект пен қоғам, адам мен қоршаған орта арасындағы тұлғааралық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар, осы білімді заңгерлік практикалық іс-әрекетте ескеру;
  • гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар дамуының негізгі бағыттары;
  • қаржы-бюджет және ақша-несие реттеуін ұйымдастыру негіздері, қаржы-банк жүйесі жұмысының теориялық және практикалық қырлары, мемлекеттік қаржыны және корпорациялар қаржысын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі, сонымен қатар нарықты реттеу үшін қаржы-несие құралдарын пайдаланудың әлемдік тәжірибесін қолдану.

«Қаржы» мамандығының студенттері мынадай білік пен дағдыларға ие болады:

  • білім мен дағдыны өз кәсіби және әлеуметтік іс-әрекетінде пайдаланады;
  • кәсіби қызметтеріне қатысты мақсат-міндеттерді тұжырымдайды;
  • типтік есептер шешімін табады, аналитикалық ұстанымды талап ететін қызметтерде жұмыс істейді;
  • өзпрактикалық іс-әрекетінде ақша, несие, қаржы, құқық теориясы бойынша білімді пайдаланады, қаржы-несие жүйесін басқару саласындағы негізгі құбылыстар мен шешімі жеткен проблемалардың мәнісін түсінеді;
  • ҚР заңнамалық актілері, халықаралыққұқықтықнормалар қамтылған құқықтық өріс шеңберінде жүйе, ұйым, шаруашылық не басқа іс-әрекет субъектісінің тұрақты жұмысы үшін қаржы-құқықтық механизмнің формалары мен әдістерін қолданады;
  • қаржы институттары мен банкілер жүйесіндегі кез келген қаржы-несие мекемесінің орнын бағалайды;
  • кәсіби іс-әрекетінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеудің компьютерлік әдістерін қолданады;
  • қаржы мен несие, заңгерлік, шаруашылық бухесеп пен бақылау, талдау, статистика, кәсіпкерлік пен коммерция, аудит, құнды қағаздар нарығы, маркетинг пен   менеджмент, экономикалық-математикалық үлгілеу, арнайы қаржы-несие пәндерінің құқықтық негіздерін меңгереді;
  • үнемі өзгеріп отыратын экономикалық конъюнктура жағдайында қаржы-бюджет саласында, банкі және қамсыздандыру ісінде, салық салуда, қор және валюта нарығында, осы салалардың заңгерлік қызметтерінде практикалық іс-тәжірибе жинақтайды.

Кәсіби іс-әрекет түрлері сыртқы және ішкі саясат салаларында ҚР мемлекеттік билігі мен басқару түрлі ұйымдарының, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының іс-әрекеті бойынша ғылыми негізделген практикалық нұсқаулықтар дайындау мақсатында халықаралық қатынастар жүйесін, маңызды халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің құқықтық негіздерін, әлемдік саясат проблемалары мен үрдістерін, Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясат мәселелерін құқықтық тұрғыдан реттеуді зерделеуге бағытталған.