Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Мамандық коды: 5B091200
ҰБТ-да таңдалатын пән: география
Оқу тілдері: орыс, қазақ.

Туризм әлемдегі неғұрлым қарқынды дамып жатқан экономикалық секторжәне ел табысының дереккөзі болып табылады. Сондықтан қазірде мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі үшін мамандарды дайындау мәселесі өте өзекті, қоршаған ортаға тез бейімделгіш, практикалық іс-әрекетке дайын, неғұрлым тиімді және икемді шешім таба алатын, сұранысты болжай білетін мамандарға қажеттілік артып отыр.

Осы мамандықты бітірушілер:

  • қонақ қабылдау мен мейрамхана ісі индустриясында менеджер;
  • әкімші, жетекші көмекшісі;
  • мейрамхана, қонақ үй басқарушысы;
  • қонақ үйгеқабылдау және орналастыру қызметі жетекшісі;
  • метрдотель, зал менеджері, әкімгер қызметтерін атқарады

 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының студенттері мынадай білім алады:

  • шет тілдерін біледі, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесін экономикалық тұрғыдан жоспарлайды, ұйымдастырады;
  • мейрамхана ісі техникасы негіздерін, мейрамхана және қонақ үйде қызмет көрсету мәдениетін біледі;
  • қызметкерлерды дұрыс таңдай біледі;
  • қызмет көрсету үдерісін, қызмет көрсетуге технологиялық және техникалық дайындықты бақылай алады;
  • тапсырыс қабылдайды, банкеттер, фуршеттер,қабылдаулар ұйымдастырады, жүргізеді; техникалық қамтуды бақылайды;
  • мейрамхана мен қонақ үй жарнамалық іс-әрекетін  ұйымдастырады;
  • қызмет көрсету және іскерлік қатысым этикасы бойынша қызметкерлер үшін тренингтер жүргізеді;
  • даулы жағдаяттарды шешеді (қызмет көрсетуші қызметкерлер арасында, қызмет көрсетуші қызметкерлер мен клиенттер арасында);
  • қарамағындағылардың (метрдотельдің, шеф-аспаздың, аспаздардың, даяшылардың) жұмысын басқарады, ұйымдастырады, бағалайды.