Журналистика

Мамандық коды: 5B050400
ҰБТ-да таңдалатын пән: пән таңдау міндетті емес, екі шығармашылық  емтихан тапсырады (шығарма және әңгімелесу)
Оқу тілдері: орыс, қазақ.

Сіздің қоғамдық пікірді басқарғыңыз, компаниялар, тауарлар, саясаткерлер мен партиялардың имиджін жасағыңыз келе ме? UIB сіздің жоғары білікті қоғаммен байланыс, журналист, баспасөз-хатшысы, имиджмейкер маманы болуыңызға көмектеседі, қоғамдық пікірді зерттеу, компаниялар, адамдар және тауарларды жылжытудың заманауи әдістерін үйретеді. Университетте  ЖУРНАЛИСТИКА студенттерін ақпараттық хабарлар мен PR-репортаждар дайындаудың іс жүзіндегі алғышарттарына үйрететін «UIB толқыны» оқу телестудиясы бар.

Бұл мамандық бойынша бітірушілер төмендегідей жұмыстар істей алады:

  • қоғаммен байланыс бойынша мамандар;
  • PR –жобаны үйлестіруші менеджерлер;
  • баспасөз-хатшысы, баспасөз-атташе, референттер;
  • Копирайтерлер;
  • Медиажоспарлаушылар;
  • сыртқы / ішкі коммуникациялар бойынша, тығырық коммуникациялары бойынша, іс-шаралар ұйымдастыру бойынша мамандар;
  • SMM-менеджерлері;
  • Жарнама бойынша менеджерлер, бренд – менеджерлер;
  • Имидж бойынша продюсерлер, имиджмейкерлер, кеңесшілер мен сарапшылар.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:

  • Баспасөз орталықтары, баспасөз қызметтері, жарнама бөлімдері;
  • Қоғаммен байланыс бөлімдері, мамандандырылған PR-компаниялар;
  • Баспа үйлері / баспалар;
  • Маркетингтік / зерттеушілік / консалтингтік / жарнамалық /коммуникациялық агенттіктер
  • Тренинг орталықтары / компаниялар;
  • Коммерциялық ұйымдар (корпорациялар, компаниялар, кәсіпорындар, фирмалар);
  • Коммерциялық емес ұйымдар (білім беру мекемелері, ассоциациялар, қорлар, саяси партиялар);
  • БАҚ;
  • Өкіметтің мемлекеттік органдары және қоғамдық мекемелер, үкімет;
  • Өнер және шоу-бизнес.

«Журналистика» мамандығының студенттері мынадай білім алады:

  • PR мен журналистік іс-әрекеттің негізгі қызметтері, ұстанымдары, әдіснамалық негіздері, теориясы мен практикасы;
  • PR – менеджер, журналист, баспасөз хатшысы, пресс-атташе, имидж бойынша маман жұмысының ұстанымдары;
  • адам білімі салалары дамуының кілтті үрдістері, PR мен журналистік тілдесім өзгешелігі;
  • Жаһандық Ақпараттық Инфрақұрылым (ЖАИ), Ұлттық Ақпараттық Инфрақұрылым (ҰАҚ), олардың  ҚР ақпараттық өрісін кеңейтудегі рөлі.

 «Журналистика» мамандығының студенттері мынадай дағдыларға ие болады:

  • журналистік құралдарды пайдалану;
  • журналистік туынды жаратуға қажетті компьютерлік бағдарламаларды игеру;
  • ғылым, өнер, саясат, экономикалық сала қайраткерлерімен, ҚР және шет елдердің басқа беделді тұлғаларымен сұхбат, әңгіме жүргізу; әлеуметтік және маркетингілік зерттеулер жүргізу;
  • желілік ақпарат құралдары ретінде интернет-сайттарын құру;
  • қоғаммен байланыста аудио-; бейне-коммуникацияларды орнату;
  • пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, басқа да ресми медиа-шаралардыөткізу;
  • түрлі жағдаяттарды ақпараттықүлгілеу;
  • телебағдарламаларды, радиобағдарламаларды, киносценарийлерді, фестивальдерді, байқауларды, басқа да имидждік және PR жобаларын продюсерлеу;