Іскерлік әкімшілік

Мамандық коды: 6M052000

Оқу мерзімі: бейіндік бағыт-1 жыл;

Оқыту тілі: орыс, қазақ

UIB-да “іскерлік әкімшілік” мамандығы бойынша Магистратура бұл:

“Іскерлік әкімшілік” мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама жеке кәсіпорындарда әкімшілік-өндірістік процестерді басқару және бақылау саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Магистратураның осы бағдарламасы басқарушылық бақылау, компанияның стратегиялық, қаржылық дамуы және бизнесті басқару үшін қажетті басқа да практикалық дағдылары бар әмбебап менеджерлерді дайындайды.Қазіргі заманғы менеджменттің өзекті мәселелерін зерттеуге басты назар аударылады. Түлектер экономиканың қандай да бір саласында шектелмейді, кез келген кәсіби қызметке бейімделе алады.

Толық оқу курсын аяқтағаннан кейін магистранттарға академиялық дәреже беріледі:
Бейіндік бағыт – “6М052000-іскерлік әкімшілік” мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі»

Магистратураға түсу емтихандарының оқу бағдарламасы»