Ақпараттық жүйелер

«Ақпараттық жүйелер» дайындау бағытында магистратураға түсу емтиханының оқу бағдарламасы

Мамандық шифры: 6М070300
Оқу мерзімі:
бейінді бағыт – 1,5  жыл;
ғылыми-педагогикалық бағыт– 2 жыл.
Оқу тілі: орыс, қазақ

  • Кәсіпорынның ақпараттық технологияларсыз жұмыс жасауын елестету қиын: өндірістен бастап қаржы-шаруашылық жүйені басқаруға дейін компания іс-әрекетінің  бірде-бір негізгі саласы тиісті АТ-инфрақұрылымынсыз іске қосылмайды.
  • «Ақпараттық жүйелер»мамандығы бойынша магистерлік бағдарлама  UIB-де банк жұмыстарын автоматтандырудың құрылымды бөлімшелерінде, әкімшілік  құрылымдар корпоративті желілерінде, түрлі деңгей корпорацияларында және т.б. жерлерде қажетті жоғары білікті мамандарды дайындауға бағдарланған.  Басқаша айтқанда, осы бейін мамандары жергілікті, қалалық, жаһандық және корпоративті желілер құрылып пайдаланылатын жерлердің бәрінде қажетті.
  • Басты назар ақпарат қауіпсіздігі мен қорғанысы жүйелерінің өзекті мәселелеріне, дерекқор мен ақпарат қауіпсіздігі жүйелерін қамсыздандыруға, кәсіпорынның ақпарат қорларына пайдаланушылардың қолын жеткізуге, АТ-қорларын барынша қолдануға, ғаламторда және әлеуметтік желілердежұмыс істеу жалғамаларын дайындап, қолдауға аударылған.

Толық оқу курсын бітіргеннен кейін магистранттарға келесі академиялық дәреже беріледі:

  • Бейінді бағыт – «6М070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі ;
  • ғылыми-педагогикалық бағыт – «6М070300- Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі.

Пререквизиттер:

  • Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау;
  • Ақпараттық жүйелер негіздері;
  • АЖ-дағы деректер базасы;