Экономика

«Экономика» дайындау бағытында магистратураға түсу емтиханының оқу бағдарламасы

Мамандық шифры: 6М050600
Оқу мерзімі:
бейінді бағыт – 1  жыл;
ғылыми-педагогикалық бағыт– 2 жыл.
Оқу тілі: орыс, қазақ

«Экономика» мамандығы бойынша магистерлік бағдарлама  UIB-де фирма қорларын талдау және бағалау дағдыларын дамыту, фирма дамуы баламаларын және оларды іске асыру механизмдерін дайындау, инвестициялаудың келешегі бар бағыттарын анықтау, нарыққа тауарлар мен қызметтерді әзірлеп жылжыту арқылы фирманың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыра білетін жоғары білікті мамандарды дайындауға бағдарланған.

Басты назар нарық жағдайында ойлау қабілетін қалыптастырудың өзекті мәселелеріне, қоғамның экономикалық өмірі туралы  терең білім алуға,оны зерделеудің әдістері мен құралдарына, нарық жағдайында тұлға құлығын қалыптастыруға,ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы шынайы үдерістерді терең түсінетін  жоғары білікті мамандарды дайындауға аударылған. Ерекше көңіл Қазақстанда нарық дамуын, кәсіпкерлік факторларын, инновациялық іс-әрекетті, экономика тиімділігін арттыруды, ұлттық экономика және кәсіпорын экономикасын, сонымен қатар экономиканы жаһандау мен дағдарысқа қарсы басқару үдерістерін зерттеуге және т.б. бөлінген.

Толық оқу курсын бітіргеннен кейін магистранттарға келесі академиялық дәреже беріледі:

 

Подать заявку