Есеп және аудит

«Есеп және аудит» дайындау бағытында магистратураға түсу емтиханының оқу бағдарламасы

Мамандық шифры: 6М050800
Оқу мерзімі: бейінді бағыт – 1  жыл;
ғылыми-педагогикалық бағыт– 2 жыл.
Оқу тілі: орыс, қазақ

«Экономика» мамандығы бойынша магистерлік бағдарлама  UIB-де фирма қорларын талдау және бағалау дағдыларын дамыту, фирма дамуы баламаларын және оларды іске асыру механизмдерін дайындау, инвестициялаудың келешегі бар бағыттарын анықтау, нарыққа тауарлар мен қызметтерді әзірлеп жылжыту арқылы фирманың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыра білетін жоғары білікті мамандарды дайындауға бағдарланған.

Басты назар нарық жағдайында ойлау қабілетін қалыптастырудың өзекті мәселелеріне, қоғамның экономикалық өмірі туралы  терең білім алуға,оны зерделеудің әдістері мен құралдарына, нарық жағдайында тұлға құлығын қалыптастыруға,ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы шынайы үдерістерді терең түсінетін  жоғары білікті мамандарды дайындауға аударылған. Ерекше көңіл Қазақстанда нарық дамуын, кәсіпкерлік факторларын, инновациялық іс-әрекетті, экономика тиімділігін арттыруды, ұлттықэкономика және кәсіпорын экономикасын, сонымен қатар экономиканы жаһандау мен дағдарысқа қарсы басқару үдерістерін зерттеуге және т.б. бөлінген.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистерлік бағдарлама  UIB-де бухгалтерлік, қаржылық, басқарушылық есепті, қаржылық және салықтық  есеп беруді, халықаралықстандарттаға сай экономикалық талдау мен аудитті дамытуға үйретеді,  түрлі салалар мен меншік формаларындағы  кәсіпорындардың өндірістік үдерістерін басқару практикасына есеп, талдау және аудиттің қазіргі әдістерін енгізе алатын жоғары білікті мамандарды дайындауға бағдарланған.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқыту іргелі теориялық және практикалық дайындықты көздейді. Бағдарлама түлектері есеп-талдау және аудитор саласындағы іс-әрекеттің шынайы да табысты жүйелі практикасына бейімделген жүйелі білім, білік, дағды алады. Бағдарламасоңында магистрлер кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің іс-әрекетін есепке алутуралы түсінігімен қатар олардың іс-әрекетін талдап, жұмыс тиімділігінің аудиторлық бағасын беру қабілетін меңгереді.

Магистерлік дәреже есеп-талдау және аудитор іс-әрекеттері саласында стратегия мен саясат құрудың қазіргі ұстанымдарын игеруді қарастырады.  Магистерлікбағдарламаның оқу жоспары іргелі экономикалық пәндерді қамтиды.

Магистр дипломы бар түлектер түрлі салалар мен  меншік формаларындағы  ұйымдардыңбухгалтерлік, қаржылық-экономикалық және талдау қызметтерінде, мемлекеттік және жергілікті басқару ұйымдарында, академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғары білім жүйесінде жетекші, жетекші орынбасары, бөлім басшысы, жоғары категориялы маман болып істей алады, докторантураға түсе алады. Бітірушілер ҚР заңнамасына сай барлық лауазымдық орындарда істей алады.

Толық оқу курсын бітіргеннен кейін магистранттарға келесі академиялық дәреже беріледі:

 

Подать заявку