Seo-Optimización

Мемлекеттік және жергілікті басқару

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» дайындау бағытында магистратураға түсу емтиханының оқу бағдарламасы

Мамандық коды: 6М051000
Оқу мерзімі:
Бейінді бағыт– 1 жыл;
Ғылыми-педагогикалық бағыт– 2 жыл.
Оқу тілі: орыс, қазақ

UIB-дегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша   магистрлік бағдарлама мемлекеттік органдар мен муниципалды мекемелерді басқару саласына қажетті  жоғары білікті мамандарды даярлауға бағдарланған. Магистратураның білім беру бағдарламалары қолданбалы сипатта, басқарушылық дағдыларды меңгертіп, кәсіби мемлекеттік қызметкерлерді даярлайды.

Мемлекеттік басқару теориясы мен практикасы, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді жоспарлау және болжау, ұлттық экономиканы стратегиялық дамыту, аймақтық басқарудың өзекті мәселелеріне басты назар аударылады. Магистрлік бағдарлама ұлттық және жаһандық экономика мен саясаттағы шынайы үдерістерді терең түсінетін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағдарланған.

Толық оқу курсы аяқталғаннан кейін магистранттарға академиялық тәжірибе беріледі

Подать заявку