Студенттерді инвестициялау

Адам өмір бойына таңдау жасаумен болады. Әсіресе аса маңыздысы мамандық таңдау, ол үнемі білімді толықтыру идеясына  негізделеді. Ал ең сенімдісі өз біліміңе қаржы жұмсау болғандықтан, лайықты білім алғысы келетін әр үміткер оқу орнын дұрыс таңдай білуі тиіс. Өз қалауын шынайы мүмкіндіктермен салғастыра отырып, әркім өз оқу орнын таңдайды. Осы таңдауындағы шешуші фактор білім сапасы болып табылады, өйткені сол ғана болашақта сенімді де тиімді артықшылықтарға ие болу мүмкіндігін береді.

Бүгінгі тағда көптеген оқу орындары түрлі бағыттағы мамандарды даярлаумен айналысады, бірақ солардың ішінде санаулылары ғана халықаралық деңгейдегі кәсіби маман даярлайды.  Осындай жоғары оқу орындарының жарқын өкілі ҚР-дағы ЖОО-лар бас рейтінгісінде 60  жетекші оқу орындарының арасында лайықты орын алған Халықаралық бизнес университеті (UIB). Білім беру нарығындағы 25-жылдық мерзім ішінде университет академиялық білімнің үздік дәстүрлерін заманауи бизнес технологиялармен ұштастырған озық бағдарламалар дайындады. Университеттердің Ұлы Хартиясына мүше бола тұра, UIB студенттер және оқытушылармен алмасудың халықаралық бағдарламаларын  белсенді түрде жүзеге асырады, бұл әлемдік тәжірибені қолданып, бәсекеге қабілетті сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. UIB – толық циклды білім беру ордасы, мұнда жоғары және жоғарыдан кейінгі білімнің барлық деңгейлері орын тапқан: бакалавриат, магистратура, PhD докторантурасы, ІӘМ бағдарламасы, бұл жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің жеке траекториясын таңдап, өмір бойына жиналған біліміңді жетілдірудің бірегей мүмкіндігін береді.

Білім беру нарығындағы UIB-дің сенімді орнын бакалавриат мамандықтарына сұраныстың жоғары болуымен расталады. Университет тек студенттерін бағалап қана қоймай, мктеп оқушыларына да ерекше ықыласпен қарайды, ЖОО-ға дейінгі дайындықты жүзеге асыра отырып, болашақ студенттердің  таңдаған мамандықтары, оның нарықтағы қажеттілігі туралы көбірек білуге жағдай жасайды. Осы бағыттағы жұмыстың жоғары бағасын талапкерлердің пікірлерінен көруге болады:

«Мені мамандықтар туралы көп ойланып, ақыры қыржыгер болам деп шештім. Меніңше, ең алдымен, сен жұмысыңнан ләззат алуың тиіс. Сүйікті ісіңмен айналыссаң ғана бақытты боласың. Мен өз таңдауымның дұрыс екендігіне еш күмәндаймын.UIB- мені болашақ мамандығыма дайындай алатын ең жақсы университет». Аманова Алуа, №12 гимназия, Алматы қ.

«Мен өзімнің университетегі оқуыма үлкен жауапкершілікпен қараймын. Мен үшін кәсіби маман болумен қатар, өз салаңда танымал болудың маңызы зор. Университетте алған білімім мен бастапқы тәжірибемді мен басты мақсатым экономист болуға жұмсаймын. Мақсатыма жету үшін мен Халықаралық бизнес университетін таңдадым, Біріншіден, мен UIB беретін білім мені мақсатыма жеткізетін тура жол деп ойлаймын. Екіншіден, университеттің беделі өте маңызды. Үшіншіден, UIB өте білікті оқытушылар жұмыс істейді». Зодиева Зарина, №10 мектеп түлегі, Алматы қ.

Халықаралық бизнес университетінің профессор-оқытушылар құрамы колледждер мен мектеп түлектерін UIB БАКАЛАВРИАТЫНЫҢ мынадай мамандықтары бойынша сұранысқа ие заманауи білім алуға шақырады: «Халықаралық қатынастар», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «Бағалау», «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Психология», «Туризм», «Журналистика», «Халықаралық құқық», «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі», «Логистика», «Ақпараттық жүйелер», «Экономика және құқық», «Экономика және менеджмент», «Бизнес-әкімшілік», «Кәсіпкерлік және инновациялар». 

 

UIB –де оқу — бұл мемлекеттік және университетішілік гранттар, халықаралық студенттермен алмасу бағдарламаларға қатысудың кең мүмкіндіктері, бұл белсенді студенттік өмір және кепілді жұмысқа орналасу.
UIB–ге оқуға түсіп, білім алыңыздар, табыс жолын таңдаңыздар!

Біздің мекенжайымыз: Абай дөлы, 8А, Фурманов к-сімен қиылысы
Анықиама телефондары: 259-80-00
www.uib.kz, uib@uib.kz, online@uib.kz