Студенттік ғылым

Ғылыми жұмыспен айналысушы студенттер төмендегідей бағыттарды ұстанады:
•  Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы  (СҒЗЖ);
• Ғылыми-зерттеу, практикалық, республикалық және халақаралық конференцияларға қатысу;
• Дипломдық жоба және диссертациялық жұмыстарды жазу;
• Ғылыми зерттеулерге қатысу, ұйымдастыру және өткізу;
• Ірі компанияларда ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту;
• Халықаралық сынақтар;
• Ғылыми мақалалар жариялау;

ХБА студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары ХБА-ның ғалымдар кеңесі жыл саын бекітетін жоспар негізінде жүргізіледі және ұйымдастырылады. Бұл жұмыс негізінен кафедра, факультет қызметі деңгейін және университетті түгелдей қамтиды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) оқу барысының бөлінбес құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оның нәтижелері студенттердің академиялық еңбектері, мақалалары арқылы студенттік конференцияларда ұсынылады. СҒЗЖ –ның негізгі мақсаты-ғылымның нақты бағыттарында терең білім алу, сондай-ақ, болашақ мамандықты жетік игеруде тәжірибелік дағды алу.

СҒЗЖ –ның материалдарына сәйкес студенттердің конференцияда ғылыми баяндама жасауға, студенттің ең үздік жұмысына арналған конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар.  Сонымен қатар олар университет факультеттері мен кафедралары арасында жыл сайын өткізілетін Ғылым күніне арналған іс-шараларға да қатыса алады. Жоғарыда айтылған академиялық іс-шаралармен қатар студенттердің ғылыми жұмыстары курстық, дипломдық және диссертациялық жұмыстарда да іске асады. Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеулері мен баяндамалары, ғылыми мақалалары зерттеулерден кейін ЖОО жинақтарында жарық көреді.

Студенттік ғылым саласында ең маңызды бағыттардың бірі халықаралық тәжірибе алмасу болып табылады. Сондай –ақ ғылыми зерттеу, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысудың да берері мол. Ғылыми тәжірибе және конференциялар өз жұмысының тұсау кесерін өткізу ғана емес,сондай-ақ шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, біліктілікті жетілдірмек.

Сонымен қатар, студенттік ғылым көзқарасы бойынша студенттер үшін мұндай іс-шаралар өте пайдалы, келешекте жұмысқа орналасу және тәжірибе алмасу, өз білімінің деңгейін сынап байқауға ықпал етеді.