Түлектің ассоциациясы

Ассоциация туралы

UIB түлектерінің «Алтын отау» ассоциациясы – UIB түлектерінің әлеуметтік бағытта алға жылжуына және бірігуіне ықпал ететін жүйелі түрде дамушы ұйым. Ассоциация жүзеге асыратын іскерлік және бос уақытты маңызды өткізуге арналған іс-шаралар біртұтас бірлестік құруға ықпал етуде.

Біздің мақсатымыз – UIB түлектері арасындағы әріптестік байланысты одан әрі дамыту, құндылықтар мен мүдделестік бірлігін сақтау.
Бүгінде, біздер, жаңа бірлестікті қалыптастырудың бастауында тұрмыз. Бұл бірлестік- Түлектер ассоциациясы. Біздің командаға қосылыңыздар, біздер әрдайым біргеміз.Жоғары оқу орынын бірге бітірген түлектердің барлығының бір-біріне деген бауырмалдығы мол болатындығына , біз, сенімдіміз.
UIB – дің бизнесте, саясатта немесе олардың өздері таңдаған өзге салалардағы кәсіби біліктілікке қол жеткізген жетекші түлектерін Халықаралық бизнес университетінің , студенттер мен жас түлектердіңпроблемалары бей-жай қалдырмайтындығына үміттенеміз.
Біздер, UIB университеті түлектері өздерінің жоғары оқу орнының түлектерін жұмысқа қабылдауын қалаймыз. Өйткені әртүрлі құрылымдардың өкілдеріне бір университетте оқығандармен әріптестік қатынас , байланыс орнату ыңғайлы

Ассоциацияның стратегиялық мақсаты және міндеттері:
• Ассоциация мүшелерінің шығармашылық және ғылыми әлеуетін жүзеге асыру, кәсіби біліктілігін нығайту, тәжірибе алмасу мақсатында Университет түлектері бірлестігіне арналған қолайлы жағдай жасау;
• Білім беру бағыты бойынша Ассоциацияның өзге ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуге ықпал ету;
• Ассоциация мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел, шеберлік классын, конференциялар өткізу;
• Атқарылатын іс-шаралар аясында көмек көрсету және жұмысты орындау мақсатында қоғамдық маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен өзара қарым-қатынас орнату.
• Университет түлектерінің және ассоцияцияның басқа да мүшелерінің консультациялық–кеңестік іс–шаралары мен жиналыстарын, Ассоциацияның өзге ұйымдармен білім беру бағытындағы ынтымақтастығын күшейтуге ықпал ету;
• Университет студенттеріне  инновациялық идеяларды дамытуға және жобаларды жасау мен одан әрі ілгерілетуге ықпал ету;
• Мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге және қалыптастыру ісіне қатысу, және т.б.;
1. Біздер қалап алған стратегия уақыт өте келе Ассоциация дәстүрін қалыптастыратынына үміттенеміз;
2. Бұл дәстүрді Түлектер ассоциацияның әрбір мүшесі басшылыққа алатындығына сенімдіміз .
Ассоциация түлектерінің қызметі.

 «Алтын Отау» Ассоциация түлектері өз қызметі шеңберінде мыналарды жоспарлайды:
1. жоғары оқу орны ассоцияциясы қызметіне белсене араласқан түлектерді жыл сайын марапаттап отыру ;
2. біздің университеттің түлектері үшін жыл сайын Мансап Күнін өткізіп отыру;
3. түлектер мен соңғы курс студенттеріне жұмысқа орналасуға көмектесу :
• жұмыс берушілер және рекрутингті компаниялармен тығыз байланыс арқылы;
• жаздық тәлім алуды ұйымдастыру арқылы;
• белгілі түлектердің жетістіктерге қалай қол жеткізгенін  зерттеу және ұсыну арқылы.
Біз ақылды және қызғылықты адамдарды біріктіреміз. Бизнес пен мансаптың, білім мен демалыстың мақсаты үшін. Егер Сізді біздің идеялар қызықтырса- Ассоцияцияға мүше болыңыз. Егер Сізді бұл идеяларды іске асыру қызықтырса –біздің командаға қосылыңыз.

Ассоциацияға мүше болу
Ассоциация мүшелері Ассоциация ұйымдастыратын қызметтерді пайдалануға және ұйымдастырылатын іс –шараларға белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Ассоциация мүшесі болып :
• бакалавриат;
• магистратура;
• аспирантура;
• MBA бағдарламасы
• DBA бағдарламасының кез келген бітірушісі бола алады.

Ассоциация мүшесіне үміткер болып:
• бакалавриаттың үшінші немесе төртінші курсы;
• магистратураның соңғы курсы;
• MBA бағдарламасы
• DBA бағдарламасының әрбір студенті бола алады.

Абай даңғылы, 8А, Фурманов көшесімен қиылыстағы мекен жай бойынша UIB –дің «Мансап орталығы» кеңсесінде тіркелуге болады.
Электронды почта: nkhanza@mail.ru
Анықтама үшін телефон : +7 (727) 259-80-06