Тіл орталығы

Подать заявку

БОС ОРЫНДАР:  академиялық және арнайы мақсаттағы шет тілі мен ағылшын тілдері үшін ағылшын тілі оқытушылары ретінде

ХБУ Тіл орталығы  шығармашылық ортада жұмыс істей алатын және істегісі келетін, жаңашыл көзқарасты бағалайтын, инновациялық және жеке бастамаларымен ынталандыратын  ағылшын тілінің ынталы оқытушыларын бос орындарға жұмысқа орналасуға конкурсқа қатысуға шақырады.

Үміткерлер пәніне сәйкес ағылшын, TESOL немесе қолданбалы лингвистика сияқты дәрежелерге  ие болуы  тиіс. Білім беруді басқару немесе көшбасшылық саласындағы магистр дәрежесі өтініш берушінің CELTA немесе Дельта сияқты ағылшын тілін оқыту немесе қосымша біліктілігінің  кредиттер саны жеткілікті болған жағдайында лайықты болып табылады. (Магистр дәрежесі немесе «маман» атағы аз талап болып табылады). Ғылыми зерттеулерге қызығушылығы, сонымен қатар осы саладағы жетістіктері  қосымша кепілдеме болып табылады.

Тіл орталығы елімізде үш тілде білім беру саясатын жүзеге  асыру үдерісіндегі өтпелі кезеңде тұр:  оқу бағдарламаларының мазмұны мен оқыту әдістері қайта қаралуда; граммматика мен сөздік қорын дәстүрлі бейімдеудің орнына шет тілдерін меңгерудің (CEFR)  жалпы еуропалық базасымен анықталған тілдік, сөйлеу  және коммуникативті  (қарым-қатынас) құзіреттілігін дамыту  мақсаты көзделуде. Сонымен қатар, жеке оқытуға, студенттерге бағытталушылыққа, ақпараттық технологияларды енгізуге (қолдану) және  жоғары білім беруге қажетті саналы оқу дағдыларын (тілдік, қарым-қатынас) қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Біз осы өзгеріс үдерісіне елеулі әрі тиімді үлес қосуға қабілетті мұғалімдерді іздейміз. Осылайша, үміткерлер жасампаздық пен мақсатқа талпынушылық  танытуға; оқу үдерісіне жаңа идеялар енгізуге және қабылдауға дайындыққа; студенттердің қажеттіліктеріне басты назар аударуды қамтамасыз ету және өз бетінше ұдайы білім алу мен дамуға қабілеттілігін көрсете  білуі тиіс. Олар іргелі халықаралық педагогикалық тәжірибенің негізгі ережелерін  және Болон жүйесі мен  CEFR қағидаларын жақсы талдай білуі  тиіс.

Дыбыстық әдістеме қабілеттілік пен өзін-өзі рефлексивті етуге ынталануын сәйкестендіруі  және оқытуға рефлексивті оқушыларды дағдыландыруы тиіс. Мұнда тек тілдік сұрақтарға ғана көңіл аударып қоймай, маңыздырақ болып табылатын әртүрлі қарым-қатынас жағдайындағы сөйлеу дағдыларын тәжірибеде жүзеге асыру, өзінің зиялылық сауалдарын қанағаттандыру және мета-танымдық ойлау дағдыларын дамыту қажет (яғни ойлау мен менталды тұлғаны қалыптастыру).

Егер сіз озық жетістіктерге ынтаңызбен қарасаңыз, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуды жандандыру және жаңғырту үдерісіне қатысқыңыз келсе, онда сіз біздің құрамымызға қосыла аласыз және оның толық құқықты әрі қажетті мүшесі бола аласыз. Өтініш төмендегілерді қамтуы тиіс:

  1. Ілеспе хат;
  2. Толық, жоғары заманауи түйіндеме;

3.Өтініш берушінің Қазақстандағы шет тілін оқытуға көзқарасы және оқыту тәсілдемелері туралы сипаттама очерк (өз жеке тәжірибеңіздегі мысалдармен);

  1. Әртүрлі куәліктерінің көшірмелері;
  2. Құпия мәліметтерді алу үшін байланысуға болатын кем дегенде екі адамның аты-жөні, кәсіби лауазымдары және байланыс деректері.

 

Жай ғана түйіндемені ұсыну жұмысқа қабылдау туралы өтініш болып табылмайды, қажетті құжаттарды тапсырмаған ұсыныс білдіруші үміткерлер қарастырылмайды. Барлық жіберілген қосымшалар жарнамалық хабарландырудың зер салып оқылып, мұқият таныс болғандығын көрсетуі тиіс.

ХБУ-де жұмыс істеу мүмкіндігін талқылағысы және қосымша сұрақ қойғысы келген әлеуетті үміткерлер директорға хабарласып,  онымен кездесе алады.

Өтініштер мен сауалдарды төмендегі мекенжайға жіберуге болады:

Кеннет Дж Saycell (ХБУ, Тіл орталығының  директоры) kjsaycell@gmail.com

 

Ескерту:

Біліктілігі: басқа пәндер бойынша магистр дипломының иегерлері тұрақты қызметке  тағайындалуға құқылы болмайды. Олар үшінші секторға сәйкес, ағылшын тілін оқыту жетістіктері мен тәжітибесі болған жағдайда, сырттай оқытуға тағайындау үшін қарастырылуы мүмкін.

Жартылай жұмыспен қамтылу: ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесі бар білікті оқытушылар қосымша қызметкер ретінде жұмысқа қабылдау туралы өтініш бере алады. Мұндай мұғалімдерге жұмыс көлемінің 0,5 жүктемесі ұсынылуы мүмкін. Сол сияқты, тиісті біліктілігі мен тәжірибесі бар зейнеткерлер жартылай жүктеме алу үшін өтініш бере алады (жұмыс көлемінің 0,5жүктемесі).