IMG_4668

UIB журналистика мамандығының 1-ші курс студенті іскерлік ақпарат орталығы Kapital.kz мен ҚР ҰБ өткізген онлайн-конференциясының барысында ерекше өтініш білдіріп, бір күнін Ұлттық банкте өткізуін сұрады.Данияр Акишев Натальяны  онлайн-конференция барысында хабарланған дарынды, жас, келешегі бар мамандар мен ЖОО түлектерін іздеу жөніндегі акция шеңберінде қабылданған мамандармен кездесуге шақырды.

 

IMG_4663

Бұл ұсынысқа тілек білдіргендердің саны орасан көп болғанын, үміткерлерден  960 түйіндеме қабылданғанын, олардың ішінде 27 үміткер ғана жұмысқа қабылданды деп бекітілгенін еске салғанымыз жөн.

Данияр Акишев: «Бұл кездесуге біз екі студентті – ең қызық сұрақ сайысының жеңімпазы, UIB түлегі  Дильнара Токушева мен  бір күнін Ұлттық банкте өткізу тілегін білдірген болашақ журналист Наталья Новосёлованы шақырдық», – деді.

Ұлттық банкінің жас қызметкерлеріне арнаған сөзінде банк басшысы: «ҚР Ұлттық банкіндегі жұмыс өз білімі мен білігін қолдану, біздің қызметкерлеріміздің дәстүрлері мен ұжымдық мәдениетіне қосылу, ұжымымыздың ажырамас бөлігіне айналу мүмкіндігін береді» – деп атап өтті.  Токушеваға Ұлттық банкі атынан бағалы сыйлық табыс етілді, ал Новосёлова Ұлттық банк басшылығының жұмыс кездесулеріне қатысты, негізгі бөлімшелер: монетарлық операциялар департаменті, зерттеулер мен статистика департаменті, төлем балансы мен валютаны реттеу департаменті, қолма қол ақшамен жұмыс жөніндегі басқарманың қызметімен, сондай-ақ қазақстандық ҚР ҰБ банкаралық есеп айырысу орталығының жұмысымен танысты. Сәуір айында жаңа қызметкерлер іздеу жөнінде келесі акцияны өткізу жоспарланып отыр.   Ұлттық банктегі жұмыс күнінен кейін Наталья Новосёлова Данияр Акишевтен сұхбат алды.IMG_4666IMG_4665IMG_4667

Источник: kapital.kz