Қарашаның 18-нде Халықаралық бизнес университетінде «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына халықаралық құқық нормаларын енгізу мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Осы күні сондай-ақ «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл: жаһандық жауапкершілік, ел бірлігі, инновациялар, бастамалар» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

DSC02291-min
Бұл шараларды ХБУ-дің әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасы Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап ұйымдастырды. Конференция мен дөңгелек үстелдің модераторы э.ғ.д., профессор, ХБУ-дің ғылыми-зерттеу жұмысының проректоры М.У. Спанов болды. Конференция мен дөңгелек үстелдің ұйымдастыру комитеті келесі құрамда болды:
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы:
э.ғ.д., профессор, ХБУ-дің ғылыми-зерттеу жұмысының проректоры М.У. Спанов
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
1. А.А.Ивашов, ф.ғ.к., UIB «Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі.
2. М.Ж.Абдиров, т.ғ.д., UIB профессоры.
3. Л.Ф.Татаринова, з.ғ.к., UIB доценті
4. И.М.Рыжкова, UIB доценті
5. Б.А.Торғауытова, з.ғ.к., UIB доценті.

DSC02303 (1)-min
Бүгінгі таңда барлық өмір салаларында, соның ішінде құқықтық салада да әлемдік қоғамдастықтың жаһандануы белсенді болған жағдайда халықаралық құқықтың енгізілуі мен қолданылуы мәселелерінің маңызы ерекше. Конференция жұмысына Қазақстанның көрнекті ғалымдарымен қатар, ХБУ-дің оқытушылары мен «Халықаралық құқық» мамандығында оқитын жас құқықтанушы студенттер қатысты.
Өткізілген шараларға қатысқандар:
• Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкері, юстиция полковнигі Т.К.Акимжанов,
• з.ғ.к., доцент Т.С. Ордалиев,
• з.ғ.к., ХБУ доценті Б.А.Торғауытова,
• з.ғ.к., ХБУ доценті Л.Ф.Татаринова,
• з.ғ.к. ХБУ доценті В.В.Люцик,
• ХБУ доценті И.М.Рыжкова,
• ХБУ студенттері Н.Мансурова, М.Клейнбок, Л.Акимжанова, У.Сайманова және т.б.

DSC02083-min
Конференцияның пленарлық мәжілісінде келесі баяндамалар тыңдалды:
• Татаринова Л.Ф.: «Проблемы противодействия кибертерроризму в условиях глобализации»;
• Рыжкова И.М.: «Вопросы адаптации зарубежного опыта противодействия коррупции в Республике Казахстан»;
• Торғауытова Б.А.: «IT-саласын дамытудың мемлекеттік саясаты және шетел тәжірибесі»;
• Мансурова Н., 2 курс студенті, «Халықаралық құқық» мамандығы: «Современные проблемы нейтралитета во время войны»;
• Сайманова У., 2 курс студенті, «Халықаралық құқық» мамандығы: «Проблемы заключения арбитражного соглашения»;
• Акимжанова Л., 2 курс студенті, «Халықаралық құқық» мамандығы: «Проблемы имплементации норм о недобросовестной конкуренции в странах ЕАЭС».
Дөңгелек үстел ХБУ-ге де, бүкіл қазақстандық қоғамға да қатысты аса өзекті мәселелерді қамтыды, әсіресе тәуелсіздігіміздің 25-жылдығының қарсаңында қол жеткізген жетістіктерімізге ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстелде баяндама жасағандар:
• А.Е.Ержанова, ф.ғ.к., UIB профессоры: «Ровесник независимости: достижения коллектива Университета международного бизнеса по подготовке и воспитанию высококвалифицированных кадров».
• Марцин Душински, UIB вице-президенті: «Наша цель – к 2020 г. войти в число 80 университетов мирового уровня, аккредитованных «тройной короной».
• М.Ж.Абдиров, т.ғ.д., UIB профессоры: «Манифест Н.А. Назарбаева «Мир. XXI век» – программа строительства безопасного и безъядерного мира».
• Ш.А.Ишмухамедов, саяси ғ.к., UIB доценті: «Достижения Казахстана в сфере межэтнических отношений».
• Д.К.Успанова, UIB жастар саясаты орталығының басшысы: «Формула Президента Н.А. Назарбаева «Молодежь — основа будущего» — универсальный ключ к эпохе глобальной конкурентоспособности».
• Убайдулоева Зулола, 2 курс студенті, «Халықаралық қатынастар» мамандығы: «Казахстан-Таджикистан: сотрудничество на пороге XXI века».
Баяндамалардың өзектілігі жиналғандардың көптеген сұрақтарымен және қызу талқылаумен куәландырылады. Конференция мен дөңгелек үстел жоғары кәсіби және теориялық-практикалық деңгейде өткізілді.