ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында 28-29 қарашада ХБУ қабырғасында  «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнін оқитын 1 курс студенттерінің арасында «Ұлы даланың тарихы» тақырыбы бойынша «Не? «Қайда? «Қашан?» үлгісіндегі зияткерлік ойындар өткізілді. Бұл шараның ұйымдастырушылары – Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Зайцева Ирина Александровна, т.ғ.к., доцент м.а. Бижігітова Қарлығаш Сабырқызы, кафедра ассистенті, магистр Серкенова Сания Серікқызы.

6 адамнан тұратын 6 команда құрылды, сондай-ақ жауаптарды бағалап, жарыстың қорытындысын  шығаратын қазылар алқасы белгіленді.

Ойын бірнеше кезеңмен өтті: командалардың өздерін таныстыруы, тарихи фактілерді білуін анықтауға ғана бағытталмай, студенттердің ерекше ойлау қабілетін танытатын  сұрақтар мен жауаптар, дәстүрлі «Қара қораптың» сұрақтары да болды, капитандар сайысы, жанкүйерлермен ойын.

Ойын студенттердің шынайы қызығушылығын туғызды, командалар өз білімін, сыни ойлау қабілетін, командамен бірге ойнау өнерін көрсетті.

Зияткерлік ойындардың қорытындылары:

– «Алаш» командасы (студенты специальностей  «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Психология», «Журналистика», «Маркетинг» мамандықтарының студенттері ) — 30 балл;

– «Тулпар» командасы («Қаржы», «Экономика және құқық» мамандықтарының студенттері) —  27 балл,

«Легион» командасы («Маркетинг», «МІжҚБ» мамандықтарының студенттері) –  26,5 балл;

«Империя» командасы («Логистика», «Маркетинг», «МІжҚБ» мамандықтарының студенттері) –  25 балл.

«Азиатские тигры» командасы («Маркетинг», «МІжҚБ» мамандықтарының студенттері) —   16 балл;

– «Болашак» командасы («Есеп және аудит», «Экономика» мамандықтарының студенттері) —  9 балл;

Барлық қатысушы командалар сертификаттармен және ХБУ-дің кәдесый өнімдерімен марапатталды.