2016 жылдың  19-21 қарашасында Халықаралық бизнес университеті (UIB) іргесінде   «Инновациялық тәжірибелер» қоғамдық бірлестігі Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) университетінің қолдауымен  жастарға арнап «Жастардың дағды-біліктерін Кросс Пікірсайыс Форматы УЦА-ПАХЧ (КДФ) арқылы дамыту» тренингін ұйымдастырып, өткізді. Тренингтің жұмысына Алматыдағы түрлі ЖОО-лардың: Халықаралық бизнес университеті (UIB), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Шет тілдері мен іскери мансап университеті, Қазақ Ұлттық Аграрлық университет, Алматы энергетика және байланыс  университеті студенттері, барлығы 18 адам қатысты.

Белгілі психолог, психологиядағы  мәдени-тарихи тұжырымдаманың авторы Л.С.Выготскийдің: «Тіл ең алдымен әлеуметтік қатынас, ой жеткізу және түсіну құралы» деген сөзі қазіргі жастар үшін аса өзекті болып табылады.

Адамның коммуникативтік қабілеті, яғни өз ойын дәлелдеу үшін қажетті аргументтерді таба білу,  аргументтерді  ең тиімді жолмен, тыңдарман үшін ұғынықты етіп жеткізе білу, аргументтердің өзара сабақтастығын жоғалтпау, қисынды ой тізбегін құру қазіргі әлемде өте маңызды роль атқарады.

Тренингте жастардың түрлі салаларда терең білімі бар екенін, олардың жан-жақты дамығаны айқын  көрінді, алайда ойды жинақтап –3-5 тұжырымға дейін қорыту олар үшін қиындау екені де байқалды. Сондықтан Тренингте  қарар қабылдаудың маңызы зор болды, бұл жастардың білімін жүйелендіруге мүмкіндік берді.

Тренинг жастардың келесі дағдыларын дамытады:

— өздерін толғандыратын мәселелерді маңыздылығы\ өзектілігі жағынан анықтау;

— мәселені шешудің үш жолын көрсететін қарарды құрастыра білу;

— өзекті мәселе бойынша ой жинақтап, жүйелеу;

— негізгі ойдың кластерлік талдауын жүргізу (кластерлік стратегия);

— тақырып бойынша зерттеу жүргізу;

— идеяларды түсіндіру – сөз арқылы ұғындырып, идеяның қолданысын ұсыну;

— іс жүзінде қолданудың сценариін — шешімге келтіретін ұсыныстар ағымын құру, соның негізінде болжамдардың бір нұсқасы дайындалады;

— тұжырымдамалық аргументтерді дайындап, құру, 3-5 минутта ұсыну;

— тақырып бойынша қысқа сұрақтар беру (15 секундта).

Бәріне белгілі пікірсайыс түрлерінен айырмашылығы, КДФ-ке 3 команда\өркениет\ұстаным қатысады, әр командада 3 спикер болады, олар өз шешімдерін  — қарарды келесі тұрғылардан қорғайды:

Сценарийді құрудың пайдасы неде:

Жастар мәселенің ішкі және сыртқы факторлары туралы көбірек мәлімденеді, соның негізінде қаржылық, саяси, заңи, адами, экологиялық және т.б. екіұштіліқтар, тәуекелдер мен шектеулер мен мүмкіндіктер анықталады, кейін осы факторлар мәселені шешудің балама ұсыныстарын дайындауға мүмкіндік береді.

Бұл тұста жастардың білім, біліктері мынадай бағыттарда жұмылдырылады:

Барлық қатысушылар  Тренинг туралы жақсы пікір айтып, осындай жұмыстың жалғасуына тілек білдірді.