2016 ж. 25 қарашасында БҰҰБҒМҰ-ның Орталық Азия елдеріндегі бюросы Директорының м.а. А.С. Шевелев  және БҰҰБҒМҰ байланыс және ақпарат жөніндегі маманы  С.А. Карпов ХБУ студенттері мен әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының оқытушыларымен кездесуге келді. Кездесу барысында қонақтар БҰҰБҒМҰ-ның Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда атқарып жатқан қызметі туралы баяндады. Бұл кездесуді әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасы мен UIB-дің Жастар саясаты орталығы ұйымдастырды.

DSC02739

БҰҰБҒМҰ бюросы Алматыда 1994 жылы ашылды және оның төрт елде: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда өкілдігі бар. БҰҰ-ның бұл ұйымы өз қызметін  БҰҰБҒМҰ істері бойынша Ұлттық комиссиясы арқылы жүзеге асырады. Осы Бюроның басты міндеті мен мақсаты адамның дамуы мен әлемнің құрылуына білім, ғылым, мәдениет, байланыс және ақпарат арқылы үлес қосу.

Шевелев мырза  БҰҰБҒМҰ-ның негізгі міндеттері туралы айтып берді, оларға:

— аса маңызды проблемаларды тиімді шешуді анықтап, алдын алу;

— өз қызметі аясында қол жетімді ақпарат, білім және озық тәжірибені жинақтап, тарату;

— халықаралық ынтымақтастықты қолдау, сондай-ақ адами әлеуетті көтеруге белсенді көмек көрсету

жатады.

БҰҰБҒМҰ кластерлік бюросының Директоры Қазақстан басшылығының білім, ғылым және мәдениет саласын дамытудағы ерекше ролін, сондай-ақ Ұйымның әлеуетін бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру арқылы қолдауын, еліміздің  БҰҰБҒМҰ қызметіне белсенді араласатынын атап өтті. Кездесу барысында жиналғандар адамзаттың репрезентативті материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне домбырада күй орындау өнері мен қазақ киіз үйін құру біліктері енгізілгенін естіді.  Сонымен қатар БҰҰБҒМҰ-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тамғалыдағы археологиялық  ландшафттың петроглифтері, Жібек жолы мен Сары-арқа, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанның алқаптары мен көлдері кіретіні айтылды.

DSC02789

Кездесу барысында БҰҰБҒМҰ-ның Қазақстандағы  бюросы Директоры студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі А.А. Ивашов БҰҰБҒМҰ-дан келген қонақтарымызға осындай қызықты да пайдалы сұхбат үшін алғыс білдірді. Ол БҰҰБҒМҰ-ны бүкіл әлем мәдениеттерін байланыстыратын ұйым ретінде атап өтіп,  UIB мен БҰҰБҒМҰ-ның бюросы  арасында студенттер мен оқытушылар деңгейінде олардың түрлі білім бағдарламаларына қатысуы үшін өзара тиімді ынтымақтастық құруды  ұсынды. Бұл ұсыныс БҰҰБҒМҰ-дан келген қонақтар тарапынан толық түсіністік пен қолдау тапты.

DSC02794