_DSC1191

Құрметті абитуриенттер, студенттер және ата-аналар!

Мен сіздерге Халықаралық бизнес университетіне қош келдіңіздер деуге қуаныштымын.

Биылғы жылы біздің университетімізге 25 жыл болады. Осы жылдардың бәрінде біз білім беру қызметтерінің жоғары сапасын көрсетеміз және бүкіл білім беру нарығы үшін жаңа шыңдарға жетеміз.

Осы уақыттың ішінде UIB жұмыс берушілер мен абитуриенттер тарапынан мойындауға ие болды, білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредитацияларынан өтті, еліміздің экономикасы үшін қажет заманауи білімдері мен құзыреттіліктері бар 30 мыңнан астам білікті маманды шығарды.

UIB Университеті профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары әлеуетіне, заманауи материалдық-техникалық базаға ие және қанықты студенттік өмір дәстүрлерімен әйгілі.

Жоғарғы оқу орнында оқу кезеңінде студенттің тұлғасын академиялық білімнің іргелі білімдеріне ие болу, практикалық машықтарын дамыту мен құрдастарымен және оқытушылармен әлеуметтік коммуникация ортасына тартылу сатылары арқылы өту күтетіні белгілі.

Биылғы жылы біз жұмыс берушілер қоғамдастығымен бірлестікте жасалған және еңбек нарығының оң бағасына ие болған жаңа инновациялық эксперименталдық білім беру бағдарламаларын іске асыруға кірісеміз. Білім беру бағдарламасын дұрыс таңдау нарық үшін қажет білімдері мен құзыреттіліктері бар түлектің түпкілікті бәсекеге қабілетіне тікелей ықпал етеді.

Бүгінгі адамның табысқа жетуге апаратын жолы ол оқыған және білім алған жоғарғы оқу орнымен тығыз байланысты. Біз Сіздерге заманауи пәнаралық білімдер мен ғылым жетістіктеріне негізделген өз бағдарламаларымызды ұсынамыз.

Академиялық бостандық, дәстүрлер мен адалдық рухын сақтай отырып, біз бұдан әрі де барынша жоғары оқу сапасын қамтамасыз ету үшін, білім беру процесінің тиімділігін жоғарылата отырып, оны жаңартуды жүзеге асыратын боламыз.

 

UIB Университетінің Президенті

Дархан Ахмед-Заки