Қабылдау комиссиясының консультациясын алу

Жазылыныз және қабылдау бөлмесінің өкілінен кеңес алыныз

unicon

Құрметті Unicon Республикалық Олимпиадасының Қатысушылары,

Сіздердің назарларыңызға олимпиаданың келесі кезеңіне өткен қатысушылардың тізімін ұсынамыз.

Екінші кезең барысында біздің қатысушылар бизнес-жоспар дайындап, сондай-ақ UIB English сандық қосымшаларында тапсырмаларды одан әрі өту үшін ағылшын тілінің деңгейін анықтауға тест тапсыру керек болды. Екінші кезең кезінде бүкіл елден 700-ге жуық оқушы жұмыс жиналды. Университет төмендегі файлда көруге болатын 465 үздік жұмыстарды іріктеп алды.

Unicon Олимпиадасының үшінші турының тапсырмаларын біз 14.01.2019 ж. ресми сайтта және UIB Халықаралық бизнес университетінің әлеуметтік желілерінде жариялаймыз.

Толық ақпарат алу үшін +7 (727) 259 80 05 телефоны арқылы хабарласыңыз.

ва

Олимпиаданың 3-ші кезеңінің тапсырмасы – “UIB Team бір бөлігі бол” презентациясы

Байқауға қатысушы өз мектебінде Халықаралық бизнес университетін таныстыруы тиіс.
Презентация барысында қатысушы көрермендерді қызықтырып, келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
– Неге ол ХБУ таңдады?
-Бұл университет басқа университеттерден немен ерекшеленеді?
– Біздің еліміздің дамуы үшін ХБУ қандай үлес қосады?

Конкурсқа қатысушылар Фото және бейне материалдарды қоса бере отырып, презентацияны өткізу туралы есепті ұсынуы қажет. Есеп #uniconuib2019 хэшегімен әлеуметтік желіде жеке бетте жарияланып, ресми поштаға жіберілуі керек UNICONUIB2019@GMAIL.COM
Өз мектебіндегі презентациядан басқа, әрбір қатысушы олимпиада барысында UIB ENGLISH мобильдік қосымшасынан тапсырмаларды өтуі тиіс.

Бұл бағдарламаны жүктеу үшін :

App store
https://itunes.apple.com/us/app/uib-english/id1447790912?mt=8
Play market
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.uibenglish.aslan.mvpmindorkssample&hl=en_US

* Қосымшада авторландыру үшін ағылшын тілін білу тестінен өту үшін сізге жіберілген логин мен парольді пайдаланыңыз quiz.uib.kz

иконка 2