Вестник ғылыми журналы

Выпуск N1(31)/2014 январь – март

Выпуск N2(32)/2014 апрель – июнь

Выпуск N3 (33)/2014 июль – сентябрь

Выпуск N4 (34)/2014 октябрь – декабрь

Выпуск N1 (35)/2015 январь – март

Выпуск N2 (36)/2015 апрель – июнь

Выпуск N3 (37)/2015 июль – сентябрь

Выпуск N4 (38)/2015 октябрь – декабрь

Выпуск N1 (39)/2016 январь – март

Выпуск N2 (40)/2016 апрель – июнь

«Вестник Университета международного бизнеса» ғылыми журналы 2006 жылдан бастап квартал сайын (жылына 4 рет) шығады.
«Вестник Университета международного бизнеса» білім және ғылым аумағындағы қадағалау және аттестациялау Комитетінің экономика ғылымы саласындағы диссертациялардың негізгі қорытындылары мен статьяларын жариялауға арналған ғылыми басылымдар тізбесіне( 23.11.2006 жылғы .№ 10-7/1591)  енгізілген.
Журнал халықаралық дәрежеге ие және Париждегі ISSN халықаралық орталығында тіркелген.
Тіркелу  нөмірі – ISSN 1990-5580.
ХБУ-дың  «Вестник» журналы «Қазпочта» АҚ  каталогына енгізілген

 Журналдың негізгі тақырыптық бағыттары:  

• экономика ғылымы бойынша ғылыми диссертациялар қорытындыларын жариялау,
• бүгінгі күнгі экономика, құқық, философия, тарих, социология, саясаттану, халықаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми статьялар мен ақпараттық- тәжірибелік материалдарды жариялау.

Басылым тілдері – қазақ, орыс , ағылшын тілдері..
Біздің авторлар: оқытушылар, магистранттар, PhD докторанттары, МВА , DВA тыңдаушылары, ғалымдар, экономика , қаржы және әлеуметтік пәндер саласындағы отандық және шетелдік талдаушылар.
Жаздыру индексі: 74107

Ағымдағы шығарылымдарды UIB –да мына мекен жайдан алуға болады: Абай даңғылы, 8А, Фурманов көшесімен қиылыста, 331 бөлме, бас редактордан, тел. +7 (727) 259-63-10 (ішкі. 331), ұялы тел. +7 701 943 21 99.

Жарияланымдар туралы қосымша ақпараттар:
• vestnik@uib.kz- электронды поштасы арқылы
• +7 (727) 259-63-10 тел. арқылы

«Вестник УМБ» журналында жарияланатын материялдарға талаптар

Журналда жариялану үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде келесі бағыттағы ғылыми-практикалық статьялар қабылданады.:
• Бүгінгі күнгі экономикаға шоғырлану;
• Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігі;
• Қаржы секторы;
• Адам ресурстары.

Жалпы ережелер:
1. Рәсімделген статьялар қағаз бетінде немесе электрондық түрде редакцияға жіберіледі;
2. Файлды алғашқы автордың тегімен атау керек;
3. Автор туралы деректер – тегі, аты, әкесінің аты , лауазымы, мен жұмыс орыны , дәрежесі мен атағы, электрондық мекен жайы, телефоны толық көрсетілуі керек;
4. Статьяларды қысқартуға немесе қажет жағдайда түзету енгізуге редакцияның құқы бар;
5. Барлық статьяларға редакция кеңесі мүшелері рецензия жасайды;
6. Статьяны журналда жариялау редакция кеңесінің құқында;
7. Статьяның мазмұнына автор (авторлар) жауап береді.

Рәсімдеу талаптары:
1. Статьялар 7-12 бет көлемінде қабылданады;
2. Статья А-4 форматында, (жоғарғы , төменгі, оң және сол) жақтарынан 2 см-ден бос орын қалдырылады, беттің нөмірі төмен жақта ортада, интервалы-1, шрифт Times New Roman,14,  редактордың  Microsoft WORD форматында беріледі;
3. Статья УДК-сын көрсету керек;
4. Жасырын сөз;
5. Аннотация (резюме) 3-5 сөйлем;
6. Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1 – 2003 ж. сәйкес рәсімделуі керек.
7. Сілтемелер мәтін бойынша нөмірленуі керек. Сілтемелер төртбұрыш жақшаға алынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде ISSN көрсітіледі. Интернеттен алынатын деректер саны 3-тен аспағаны жөн.