Ғылым және бизнес

Экономикалық ортада ұлттық және халықаралық деңгейде  өсіп келе жатқан бәсекеге қабілеттілік ғылым мен бизнестің арасында берік байланыстарды дамытуды талап етеді.Университеттер ұсынатын жаңалықтарды көре отырып, кәсіпорындар жетекші ғылыми мекемелермен ынтымақтастық құру қажеттігін түсінді, ал университеттер болса, шағын және орта бизнестің ірі компанияларымен бірігіп жұмыс істеудің үлкен пайдасы бар екендігіне көз жеткізді.

 UIB  бизнес-қауымдастық саласында мыналарды ұсынады:

  1. Стратегиялық және тактикалық басымдықтарға негізделген (кең не тар ауқымда мамандандырылған) ғылыми-зерттеу қызметін дамыту (мысалы, «Жасылдардың ықпалын» өндірістік кәсіпорындардың уақтылы саясаты және олардың іс-әрекеті ретінде толық талдау, экономикалық дағдарыс және оның бизнесті қаржыландыруға ықпалы);
  2. Компаниялардың құрылымдық бөлімшелеріне арнаулы кеңес беру қызметін көрсету (мысалы, маркетингтікзерттеулер, брэндинг, қаржыландырудың балама дереккөздерін талдау, салық салуды оңтайландыру);
  3. Мемлекеттік гранттар үшін ұсыныстарды дайындау (ҚР-дың көрсетілген министрліктері);
  4. Халықаралық гранттар консорциумдарын дамыту (мысалы, Еуроодақтан қаржыландыруға тапсырыс);
  5. Озық технологиялары мен өз тәжірибелерін ҚР-да қолдана отырып, қазақстандық серіктесінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға себін тигізетін халықаралық серіктестерді (университеттер, зерттеу орталықтарын) іздестіру.