Ғылыми зерттеулер

Халықаралық Бизнес университетінде ғылыми жұмыстар бірлескен зерттеулер, сондай-ақ жеке ғылыми жобалар түрінде жүзеге асырылады. Ғылыми жобалар ғылыми-зерттеу орталықтары, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми конференциялар мен семинарлар тақырыбы ғылыми орталықтар, институттар мен республикалық өкілдер әріптестігімен қарастырылады.

Бүгінгі кезеңде университет оқытушылары бизнес,  қаражат, жаңа технология және бағдарламалар мен жобалардағы жұмысы ҚР БҒМ-нің мемлекеттік гранты конкурсынан өтті.

Халықаралық Бизнес университетіндегі ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты «Экономика және есеп», «Ақпараттық технология және қаржы» және «Халықаралық бағдарлама» факультеттеріндегі сәйкес өзекті міндеттерін айқындайды.
• Бизнес пен қоғамның, сонымен бірге мемлекеттік және институционалдық реформалар өзара қарым-қатынасы;
• Компаниялардың, фирмалардың міндеттері және стратегиялық басқару және олардың жаһандану жағдайында бизнес пен экономика білімі дамуының бизнес-мәдениеті.
• Жаңа технологиялық бағдарламаларды жасау және дамыту.
• Қаржы рыноктарының математикалық моделі және қаржы эконометрикасы.
• Бизнес басқару және әлемдік деңгейдегі тәжірибе алмасу.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тек қана оқытушылар ғана емес, сонымен қатар университет студенттері, магистранттар мен докторанттар да айналысады. Сондай-ақ  олар бизнес мәселелеріне арналған еліміздегі және өзге елдердегі конкурстарға да тұрақты түрде қатысады.

Экономика және бизнес, қаржы рыноктары мен жаңа технология саласындағы әлемдік ғылыми зерттеулер университеттік ғылыми дамуының негізі болып есептелінеді.