_DSC0121

2018 жылдың 24 қыркүйек күні Халықаралық Бизнес Университетінде (@uib_team) Алан Вульф алғаш рет бірегей ашық дәріс өткізді. Бұл дәрісте  Дүниежүзілік Сауда Ұйымының бас директорының орынбасары ДСҰ-ның мақсаттары туралы, сонымен қатар, экономика дегеніміз не және бұл салада қалай жұмыс істеу керектігі туралы баяндап берді. Сондай-ақ, ол іс-шараға қатысушы қонақтардың қойылан барлық сұрақтарына жауап берді. Бұл дәрісте ерекше қызығушылық танытқандар болып PhD және MBA бағдарламаларының тындармандары болды.

Естеріңізге түсірсек, 2015 жылдың  30 қараша күні Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының толыққанды мүшесі болып, 2017 жылы Қазақстанның ұйымға белсенді қатысуы атап өтілді.

Айта кетейік, 2016 жылы БҰҰ–ның бөлімшесінің негізінде Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен, Халықаралық Бизнес Университеті (UIB), ДСҰ-ның қорғауымен, жыл сайын сауда саясаты бойынша курстар өткізілетін, негізгі жоғары оку орны ретінде Қазақстанды көрсетті.

DSC00580-944x532

Биыл курстар 30 сәуірде басталды, онда екі айдан астам уақыт бойы әртүрлі елдерден 20-дан астам қатысушы біліктілігін арттыру үшін шақырылды.

Сонымен қатар, дәрісте әйгілі қазақстандық ұйымдардың өкілдері де қатысты:

– Кисиков Бекнур Сейтжанұлы – Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице-президенті

– Цзин Вера Михайловна – «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы.

Жыл сайын UIB Университетіне түрлі елдердің Сауда Министрліктерінің, Экономика Министрліктерінің өкілдері келеді.

_DSC0148

Бұл ашық дәріс Қазақстан үшін халықаралық деңгейде өз дағдыларын жетілдіру үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын, ынтымақтастықтың жаңа кезеңін көрсетті.