НКАОКО AQA accreditation Observatory Герб UIB

Халықаралық бизнес университетінде жаңа мамандықтар ашылды.
UIB университетінде жаңа мамандықтар ашылуда, олар қазіргі экономикалық жағдайға бағытталған. Осы мамандықтар мектеп бітіруші түлектерге мектеп кезінде-ақ мамандық таңдауға көмектеседі, университетті бітірген соң жоғарғы санатты маман болып шығады. Осы мамандықтарда оқу барысында студенттер кәсіпкерлік және шығармашылық бағытта да оқытылып шығарылады. Сонымен қатар, түлектер аналитикалық, әкімшілік бағытта білім алып, еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке түсе алады.

Бакалавриат

Бағалау

«Бағалау» мамандығы әлем бойынша ең табысты және келешегі зор отыз мамандықтың ішіне кіреді. Сонымен бірге «Бағалау» мамандығының түлектері сараптау-бағалаушылық, аналитикалық, ұйымдық-техникалық, кеңесшілік, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеу сияқты кәсіби қызметтерді атқара алады.

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Осы мамандықтың студенттері құқық негіздері, микро- және макроэкономика, мемлекеттік басқару теориясы, мемлекет және бизнес, аймақтық экономика мен басқару және т.б. пәндерді оқиды. Сол сияқты олар таңдау бойынша модульдердің кең спектріне қол жеткізе алады, бұл студенттерге оқытудың өзі қалайтын жұмыс орнымен сабақтас қолайлы траекториясын құруына мүмкіндік береді. 

Магистратура

Іскери әкімшмлік

UIB–дегі «Іскери әкімшілік» мамандығы бойынша   магистрлік бағдарлама жеке кәсіпорындардағы әкімшілік-өндірістік үдерістерді басқару және бақылау саласындағы  жоғары білікті мамандарды даярлауға бағдарланған. Магистратураның бұл бағдарламасы басқарушылық бақылау, компанияларды стратегиялық, қаржылық дамыту жөнінде білімі мен дағдылары, сондай-ақ бизнесті басқаруға қажетті басқа да практикалық дағдылары бар әмбебап менеджерлерді дайындайды.

Туризм

UIB–дегі «Туризм» мамандығы бойынша  магистрлік бағдарлама   қазіргі қызмет көрсету саласының жоғары халықаралық стандарттарына сай келетін клиентке бағдарланған технологияларды қолдана алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағдарланған.

Мемлекеттік және жергілікті басқару

UIB-дегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша   магистрлік бағдарлама мемлекеттік органдар мен муниципалды мекемелерді басқару саласына қажетті  жоғары білікті мамандарды даярлауға бағдарланған. Магистратураның білім беру бағдарламалары қолданбалы сипатта, басқарушылық дағдыларды меңгертіп, кәсіби мемлекеттік қызметкерлерді даярлайды.

Бағалау

БАҒАЛАУ мамандығы қаржылық үдерістер мен есеп берудің ашықтығын қамтамасыз етуге, меншікті сатып алу мен беруде несиелер мен қарыз алуда бағалауды өткізуге,  сондай-ақ салық және салық салу мәселелерін реттеуге бағдарланады.